Қазақстан • 26 Сәуір, 2018

Дәурен Абаев салалық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев салалық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті.

Дәурен Абаев салалық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті

Кездесуде министрлік пен қоғамдық ұйымдардың түрлі салалар бойынша мін­деттер­ді орындауда өзара ықпалдас­тық мәселелері талқыланды.

Басқосуға қатысу­шы­лар көкейлерінде жүр­­ген өзек­ті мәселелер төңі­ре­гінде ой­ларын ортаға сал­ды. Сон­дай-ақ жиында ел аума­ғын­да цифр­лы телерадио ха­бар­­л­арын таратуды енгізу және бас­қа да мәселелер  жө­нін­­де сұрақ­­тар қойылып, оған жан-жақты жауап берілді.

Бұдан бөлек, аймақтық және республикалық БАҚ арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

«Егемен-ақпарат»