Барлық қазақстандықтарды ынтымаққа үндейтін бұл мереке 1996 жылдан бері тойланып келеді. Ол Президенттің 1995 жылғы 18 қазандағы Жарлығы бойынша Қазақстан халқы бірлігі күні деп жарияланды.
Бүгінде елімізде бұл мейрамның мән-мағынасы, мазмұны мен көтеретін жүгі мүлде өзгерді, жаңаша сипат алды. Ол – Мемлекет басшысының жүргізіп келе жатқан ізгі саясатының нәтижесінде қол жеткізілген этносаралық және дінаралық татулық пен ауызбірлікті баянды ету. «Бұл күн – біздің халқымыздың бірлігі күні, біздің татулық пен жарастықтың мерекесі. Тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін көпшілікке үйреншікті 1 мамыр мерекесі күнтізбенің мерекелік күндер тізіміне енді», деп атап өткен еді Елбасы Қазақстан халқының бірлігі күніне орай сөйлеген сөзінде.
Еліміздің ширек ғасырдан бергі қол жеткізген толайым табыстары, халықаралық қоғамдастықта танылуы, әлемде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан өлшеусіз үлесі – бәрі де көпшілік елдерге арман болған саяси тұрақтылықтың арқасы деп айтуымыз керек. Жасыратыны жоқ, өздерінің ұлттық мерекесін тойламақ тұрмақ, тәуелсіздігін ала алмай жүрген ұлттар да бар. Оқ пен оттың арасынан, жарылыстардан бас сауғалап қашып, шетелді, жатжұртты паналаған жандар қаншама! Миллиондап саналады.
Президенттің тағы бірде: «Бірінші мамыр – бірліктің ерекше мерекесі... Ал тұрақтылық болмаған жерде даму да болмайтынына қазіргі жер жаһанда орын алып жатқан мысалдар жеткілікті», деп айтқаны есімізде. Расында да, бейбітшілік пен тұрақтылықтың қадір-қасиетін жете ұғындыратын жағдайлар әлемде аз емес. Аумалы-төкпелі мына заманда мемлекеттік жүйесі бұзылған, береке-бірлігі қашып ыдырауға айналған мемлекеттердің қатары көбейе түскендей. Осының біразында ұлтаралық, дінаралық келіспеушіліктің жатқанын жоқ дей алмаймыз. Орын алған қақтығыстар мен жанжалдардың отын тіпті беделді халықаралық ұйымдардың өзі сөндіре алмауда. Бұған мұздай қаруланған коалициялық әскери күштердің де «шамасы келмей» отыр.
Ынтымағы мен бірлігі жарасым тапқан елдің ырысы қашан да арта бермек. Қазақстандық этносаралық татулық үлгісі дәл осыған негізделген. Бұл мәселеде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың идеясымен құрылып, бүгінде баламасы жоқ бірегей институтқа айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының орны ерекше бөлек. Көп этносты, көп конфессиялы егемен елге дәл осындай құрылым қажет-ақ еді. Оның үстіне сол жылдары еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы онша емес-ті. Өндіріс орындары тоқтап, ауылда да, қалада да жұмыссыздық белең алып тұрған. Мұндай қиын кезде этносаралық дүрдараздық орын алмасын деңіз...
Соңы болжап-білуі қиын жағдайға соқтыратын өрттің алдын Елбасы ауыздықтады. Ел Тәуелсіздігінің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын ұсынды. Сөйтіп, 1995 жылдың 1 наурызында Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты. Мемлекет басшысы Ассамблеяның бірінші сессиясында жасаған тарихи баяндамасында: «Мен елімнің Президенті ретінде қоғамдық тұрақтылықты және ұлтаралық келісімді қамтамсыз етуді өзімнің басты міндетім деп санаймын. Бірлік аспаннан өзі келіп түспейді, тек қарқынды жұмыс арқылы ғана келеді. Мен кең байтақ жерімізде татулық пен тыныштық болғанын тілеймін... Мен қайғыдан шашы ағарған аналардың балаларын жоқтамағанын, сәбилердің мүгедек болмауын, қарт адамдардың күйреген үйлерінің алдында қасірет шегіп, жыламағанын қалаймын», деген болатын.
Елбасының осы сөздері әлі күнге дейін өзекті, маңызын ешқашан жоймақ емес. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған кезден бастап орасан зор біріктірушілік, ұйыстырушылық міндет атқарды, елімізде саяси тұрақтылық пен этносаралық бірліктің нығаюына барынша үлес қосты. Соның нәтижесінде Қазақстан толеранттылық пен мәдениетаралық үнқатысу мәселелеріне ерекше мән беретін, оларды халықаралық деңгейге шығара алатын мемлекетке айналды. Өз кезегінде бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болды. Себебі қоғамда береке-бірлік сақталған жағдайда мемлекеттің жан-жақты дамуына жол ашылатынын ешкім жоққа шығармаса керек.
Президент татулық пен өзара ынтымақтың ең алдымен қазақтың өзіне қажеттігін жиі айтып, есімізге салып отырады. Осыған баланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясының бірінде: «Ассамблеяның ең басты міндеті – еліміздегі қоғамдық келісім болып саналады. Ал ұлтаралық татулық мәселесі Ассамблеяның сан қырлы қызметінің бір парасы ғана. Қазақстандағы қоғамдық келісімнің алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстағанымыз абзал. Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек», деп атап көрсеткені сол жиынға қатысып отырғандармен қатар, бүкіл қазақстандықтарды да ерекше тебіренткен еді.
Елімізде ұлттық бірлік доктринасы қабылданған. Осы құжатқа назар салатын болсақ, мемлекеттің қалыптасу кезеңіндегі негізгі міндеті қоғамды топтастыру арқылы этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді нығайту екені көрсетілген. Біз бұл міндетті еңсердік деп айта аламыз. Өйткені бүгінде қазақстандықтар арасында этносаралық ынтымақ қалыптасқан, қоғамдық келісім жарасым тапқан. Енді алдымызда Президент белгілеп берген стратегиялық міндеттерді топтасу, бірлесу және жұдырықтай жұмылу арқылы ойдағыдай іске асыру тұр.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы Біртұтас ұлт» атауымен өткен ХХІV сессиясында Мемлекет басшысы: «Біз достықты қазақстандықтардың барлық буынының басты игілігі ретінде сақтай білдік. Біздің бірегей жолымыз – тең құқықтылық, бір шаңырақ астында өмір сүретін барлық этностың бірлігі мен келісімі халықтың тілек-қалауымен таңдалды... Бақыт бағалай білгеннің ғана басында тұрады. Ең асыл қазынамыз – бірлігімізді көздің қарашығындай сақтай білсек, барлық асулардан асамыз», деген болатын.
Кез келген ел, кез келген ұлт бейбітшілікте өмір сүруді қалайды. Өз елінің, өз жерінің өсіп-өркендеуін аңсайды, өз халқының ашық аспан астында алаңсыз болуын армандайды. Себебі татулығы мен келісімі жарасқан, саяси тұрақтылығы берік мемелкеттің бағындаратын биігі әрқашан жоғары болады.
айтулы мерекенің шығу тарихы біз айтып жүрген ХІХ ғасырдың соңында емес, одан да әріде жатқан сияқты. Оған себеп болған оқиғалар да бар көрінеді... Осыдан үш мың жыл бұрын ежелгі Италия тұрғындары жердің қамқоршысы әйел құдай Майяға табынған. Соның құрметіне көктем маусымының соңғы айын «май» деп атап, осы айдың бірінші күнін той-думанмен, серуендеумен өткізген...
Бергі тарихқа үңілетін болсақ, 1 мамыр Еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастығы күні ретінде 1889 жылдан атап өтіле бастапты. Бұл 1886 жылдың 1 мамырында АҚШ жұмысшыларының 15 сағаттық жұмыс күніне наразылық білдіру ереуілін ұйымдастырып, өндіріс басшыларынан жұмыс күнін 8 сағат деп белгілеуді талап етулеріне байланысты болса керек. Кейін, яғни 1889 жылдың маусымында Парижде ІІ Интернационалдың конгресі 1 мамырды Халықаралық күрес күні немесе Еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастық күні деп атау туралы шешім шығарды. Ал Кеңес Одағында аталған мейрам 1917 жылғы 1 мамырдан ашық тойлана бастады.
Президенттің тағы бірде: «Бірінші мамыр – бірліктің ерекше мерекесі... Ал тұрақтылық болмаған жерде даму да болмайтынына қазіргі жер жаһанда орын алып жатқан мысалдар жеткілікті», деп айтқаны есімізде. Расында да, бейбітшілік пен тұрақтылықтың қадір-қасиетін жете ұғындыратын жағдайлар әлемде аз емес. Аумалы-төкпелі мына заманда мемлекеттік жүйесі бұзылған, береке-бірлігі қашып ыдырауға айналған мемлекеттердің қатары көбейе түскендей. Осының біразында ұлтаралық, дінаралық келіспеушіліктің жатқанын жоқ дей алмаймыз. Орын алған қақтығыстар мен жанжалдардың отын тіпті беделді халықаралық ұйымдардың өзі сөндіре алмауда. Бұған мұздай қаруланған коалициялық әскери күштердің де «шамасы келмей» отыр.
Ынтымағы мен бірлігі жарасым тапқан елдің ырысы қашанда арта бермек. Қазақстандық этносаралық татулық үлгісі дәл осыған негізделген. Бұл мәселеде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың идеясымен құрылып, бүгінде баламасы жоқ бірегей институтқа айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының орны ерекше бөлек. Көп этносты, көп конфессиялы егемен елге дәл осындай құрылым қажет-ақ еді. Оның үстіне сол жылдары еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы онша емес-ті. Өндіріс орындары тоқтап, ауылда да, қалада да жұмыссыздық белең алып тұрған. Мұндай қиын кезде этносаралық дүрдараздық орын алмасын деңіз...
Соңы болжап-білуі қиын жағдайға соқтыратын өрттің алдын Елбасы ауыздықтады. Ел Тәуелсіздігінің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын ұсынды. Сөйтіп 1995 жылдың 1 наурызында Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты. Мемлекет басшысы Ассамблеяның бірінші сессиясында жасаған тарихи баяндамасында: «Мен елімнің Президенті ретінде қоғамдық тұрақтылықты және ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуді өзімнің басты міндетім деп санаймын. Бірлік аспаннан өзі келіп түспейді, тек қарқынды жұмыс арқылы ғана келеді. Мен кең-байтақ жерімізде татулық пен тыныштық болғанын тілеймін... Мен қайғыдан шашы ағарған аналардың балаларын жоқтамағанын, сәбилердің мүгедек болмауын, қарт адамдардың күйреген үйлерінің алдында қасірет шегіп, жыламағанын қалаймын», деген болатын.
Елбасының осы сөздері әлі күнге дейін өзекті, маңызын ешқашан жоймақ емес. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған кезден бастап орасан зор біріктірушілік, ұйыстырушылық міндет атқарды, елімізде саяси тұрақтылық пен этносаралық бірліктің нығаюына барынша үлес қосты. Соның нәтижесінде Қазақстан толеранттылық пен мәдениетаралық үнқатысу мәселелеріне ерекше мән беретін, оларды халықаралық деңгейге шығара алатын мемлекетке айналды. Өз кезегінде бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болды. Себебі қоғамда береке-бірлік сақталған жағдайда мемлекеттің жан-жақты дамуына жол ашылатынын ешкім жоққа шығармаса керек.
Президент татулық пен өзара ынтымақтың ең алдымен қазақтың өзіне қажеттігін жиі айтып, есімізге салып отырады. Осыған байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясының бірінде: «Ассамблеяның ең басты міндеті – еліміздегі қоғамдық келісім болып саналады. Ал ұлтаралық татулық мәселесі Ассамблеяның сан қырлы қызметінің бір парасы ғана. Қазақстандағы қоғамдық келісімнің алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстағанымыз абзал. Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек», деп атап көрсеткені сол жиынға қатысып отырғандармен қатар, бүкіл қазақстандықтарды да ерекше тебіренткен еді.
Елімізде ұлттық бірлік доктринасы қабылданған. Осы құжатқа назар салатын болсақ, мемлекеттің қалыптасу кезеңіндегі негізгі міндеті қоғамды топтастыру арқылы этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді нығайту екені көрсетілген. Біз бұл міндетті еңсердік деп айта аламыз. Өйткені бүгінде қазақстандықтар арасында этносаралық ынтымақ қалыптасқан, қоғамдық келісім жарасым тапқан. Енді алдымызда Президент белгілеп берген стратегиялық міндеттерді топтасу, бірлесу және жұдырықтай жұмылу арқылы ойдағыдай іске асыру тұр.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы Біртұтас ұлт» атауымен өткен ХХІV сессиясында Мемлекет басшысы: «Біз достықты қазақстандықтардың барлық буынының басты игілігі ретінде сақтай білдік. Біздің бірегей жолымыз – тең құқықтылық, бір шаңырақ астында өмір сүретін барлық этностың бірлігі мен келісімі халықтың тілек-қалауымен таңдалды... Бақыт бағалай білгеннің ғана басында тұрады. Ең асыл қазынамыз – бірлігімізді көздің қарашығындай сақтай білсек, барлық асулардан асамыз», деген болатын.
Кез келген ел, кез келген ұлт бейбітшілікте өмір сүруді қалайды. Өз елінің, өз жерінің өсіп-өркендеуін аңсайды, өз халқының ашық аспан астында алаңсыз болуын армандайды. Себебі татулығы мен келісімі жарасқан, саяси тұрақтылығы берік мемлекеттің бағындыратын биігі әрқашан жоғары болады.
Айтулы мерекенің шығу тарихы біз айтып жүрген ХІХ ғасырдың соңында емес, одан да әріде жатқан сияқты. Оған себеп болған оқиғалар да бар көрінеді... Осыдан үш мың жыл бұрын ежелгі Италия тұрғындары жердің қамқоршысы әйел құдай Майяға табынған. Соның құрметіне көктем маусымының соңғы айын «май» деп атап, осы айдың бірінші күнін той-думанмен, серуендеумен өткізген...
Бергі тарихқа үңілетін болсақ, 1 мамыр Еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастығы күні ретінде 1889 жылдан атап өтіле бастапты. Бұл 1886 жылдың 1 мамырында АҚШ жұмысшыларының 15 сағаттық жұмыс күніне наразылық білдіру ереуілін ұйымдастырып, өндіріс басшыларынан жұмыс күнін 8 сағат деп белгілеуді талап етулеріне байланысты болса керек. Кейін, яғни 1889 жылдың маусымында Парижде ІІ Интернационалдың конгресі 1 мамырды Халықаралық күрес күні немесе Еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастық күні деп атау туралы шешім шығарды. Ал Кеңес Одағында аталған мейрам 1917 жылғы 1 мамырдан тойлана бастады.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»