Қазақстан • 01 Мамыр, 2018

Бүгін еліміздің кей өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

631 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 1 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бүгін еліміздің кей өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты еліміздің кей жерлерінде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, жекелеген аудандарында бұршақ болуы мүмкін. Қазақстанның оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күшейеді.

Батыс Қазақстан, Қарағанды, күндіз Павлодар, Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетіп, тұман күтіледі. 

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде қатты жел соғып, найзағай, тұман болады. Оңтүстік Қазақстан облысында бұршақ болуы мүмкін. 

Жамбыл, күндіз Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с жетіп,  найзағай ойнайды, күндіз кей жерлерінде бұршақ болуы ықтимал.