Аймақтар • 01 Мамыр, 2018

Атырауда Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтіп жатыр

514 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 мамыр Қазақстан халықтары бірлігі күні мерекесінің аясында Атырауда мәдени-көпшілік іс-шаралар өтіп жатыр,  деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтіп жатыр

Негізгі мерекелік шаралар Сұлтан Бейбарыс алаңында бастау алды. Атыраулықтар мен қала қонақтары алдында этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары  өнер көрсетті.

Мерекелік құттықтауда облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтудің маңыздылығына тоқталды.

- Қазір аймақта 17 этномәдени бірлестік бар. Әртүрлі ұлт пен дін өкілдері қоғам дамуына үлестерін қосып  келеді. Ұзақ жылдар бойы бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеміз, соның арқасында Қазақстан толерантты ел ретінде әлемге белгілі. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, Қазақстанның өркендеп, дамуы бәріміздің ортақ мақсатымыз, - деді Нұрлан Ноғаев.

Қазақстан халықтары бірлігі күні мерекесін ұйымдастырушылар ойын-сауық бағдарламаларын қамтыған.

Атап айтсақ, 13.00-де Сұлтан Бейбарыс алаңында "Аида Қауменова" мен "Нұр-Шах" сән үйлері киімдерінің көрмесі өтеді. 

15.00-де осы алаңда "Almaly.kz" халықаралық балалар фестивалінің салтанатты ашылуы болады.

17.00-де Қ.Смағұлов алаңында street workout бойынша Атырау қаласының ашық кубогы сарапқа салынады.

19.00 Сұлтан Бейбарыс алаңында мерекелік концерт басталады.