Қазақстан • 02 Мамыр, 2018

Гүлшара Әбдіқалықова Өзбекстан Республикасының елшісімен кездесті

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті

Гүлшара Әбдіқалықова Өзбекстан Республикасының елшісімен кездесті

Мемлекеттік хатшы Қазақстан мен Өзбекстанды сан ғасырлық туыстық қарым-қатынас, ортақ мәдениет, шынайы достық пен өзара ынтымақтастық байланыстыратынын атап өтті.

Кездесу барысында Г.Әбдіқалықова Қазақстанның ішкі саясатының басты бағыттары туралы айтты. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен елімізде экономиканы, саясатты және қоғамдық сананы қамтитын жүйелі жаңғыру үдерісі жүруде.

– Жоғары деңгейдегі өзара сенімге негізделген әрі саяси сындарлы диалог стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетудің негізгі өзегі бола бермек, – деді Мемлекеттік хатшы.

Г.Әбдіқалықова Өзбекстанның Қазақстандағы жылы аясында азаматтар, сондай-ақ ғылым, мәдениет, білім беру мекемелері, шаруашылық жүргізуші субъектілер, кәсіпкерлік құрылымдары арасындағы байланыстарды кеңейтуге бағытталған ауқымды іс-шаралар жоспарланып отырғанын айтты.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сыртқы сауда айналымы қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді. Мәселен, 2017 жылы екіжақты сауда 31 пайызға өсіп, 2 миллиард АҚШ долларына жеткен. Биылғы 2 айда сауда айналымы 44 пайызға артып, 366 миллион долларды құрады.

Кездесу соңында Гүлшара Әбдіқалықова екі ел арасындағы дәстүрлі тату көршілік қарым-қатынасты нығайту ісінде Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі С.Ниязходжаевқа зор табыс тіледі.