Қазақстан • 02 Мамыр, 2018

Маусымнан бастап ЭКСПО аумағындағы тұрғын үйлер сатылады

513 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 маусым бастап Астанадағы ЭКСПО аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен көлік тұрақтары сатыла бастайды. Бұл туралы «Бәйтерек» холдингінің – АО «Байтерек девелопмент» баспасөз қызметі хабарлады.

Маусымнан бастап ЭКСПО аумағындағы тұрғын үйлер сатылады

«2016 жылы Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу уақытында шет ел делегациясы қатысушыларының тұруы үшін  42 тұрғын үй салынды. Жылжымайтын мүлік нысандары Ұлттық қор мен жобалау компанияларының инвестициясына салынды. Мемлекеттің тұрғын үйге бөлінген  қаржыны қайтару, нарықта жылжымайтын мүлікті сату арқылы болады», – деп хабарлады «Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары А.Усербаев.

ЭКСПО орамында көлік тұрағымен пәтерді кез-келген қалаушы өзінің қаржысына немесе «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  екінші деңгейлі банктерден ипотекалық қарыз алу арқылы алады.

А.Усербаев атап өткендей, ЭКСПО тұрғынжайларын сатудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін,өтініш қабылдауды  Digital Baiterek онлайн-платформа арқылы жүргізу жоспарлануда. Бүгінгі күні тестлеу мен өңдеу кезеңінде.

Тұрғын үйдің жайлылығы II классты және таза әрлеуде өткізіледі.   Бір бөлмелі пәтердің аумағы 41,3 нен 50,7 ш.м, екі бөлмелі – 60,8 ден 75,6 ш.м.,  үш бөлмелі– 85,3 ден 104,9 ш.м, төрт бөлмелі – 108,4 ден 123,7 ш.м. Жуық арада жылжымайтын нысандардың бағасы тәуелсіз консалтинг компаниясын тартумен анықталмақ.