Қазақстан • 03 Мамыр, 2018

Ақмола облысында асыл тұқымды малдың саны артып келеді

668 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана тұрғындары санының артуымен қатар азық-түлікке деген сұраныс та өсе түскен. Осыған орай Ақмола облысының бір­қатар шаруа қожалықтары мал тұқымын асылдан­дыру ар­қылы етті бағыттағы мал шаруашылығын жандандыру­ды қол­ға алғалы отыр. Аталған жоба астаналықтарды ет және ет өнімдерімен толық қамтамасыз ететін болады.

Ақмола облысында асыл тұқымды малдың саны артып келеді

Жалпы, өңірде мал тұқы­мын асылдандыру ісі соңғы алты жылдан бері жүргі­зі­ліп келеді. Бүгінгі таңда Авто­мат­тан­дырылған ақпараттық жүйе базасындағы мәліметтер бо­йынша мал басын асылдан­дыру бағдарламасына 756 шаруа­шылық субъектісі қатысып, олар асыл тұқымды мал басын 64,9 мыңға жеткізуді көздеп отыр.

Ет кластерін дамыту жө­нін­­дегі аталған жоба аясын­да бор­дақылау алаңдарын қа­жет­­­ті деңгейде қамтамасыз ету үшін бордақылау алаңдары тара­пы­­­нан аналықтарды ұрық­тан­ды­ру мақсатында асыл тұ­қым­ды бұқаларды тауарлық шаруа­шы­лықтарға жалға беру тетік­тері қарастырылуда. Тауар­­лық қо­жалықтарға бір өсіру мау­­­сы­мына дейін бұқа­ра­­лар­­ды тегін беру тетігі де ойлас­­ты­­ры­луда. Бұл ретте шарт бо­йынша тауарлық шаруа­шы­­лықтар өсіру маусы­мы аяқ­та­лысымен жалға алын­ған бұқаны қайтарып, сол жылы бор­дақылау алаңына бес мұ­қаны сатып өткізіп беруі тиіс.

Сондай-ақ жоба аясында қа­ты­сушыларды мемлекеттік қол­дау мақсатында бордақы­лау алаңдарын асыл тұқымды бұ­­қа­­ларды сатып алып, тауар­лық шаруа­шылықтарға жал­ға бер­­­­ге­ні және тауарлық шар­у­а­­­шы­­лықтардың бұқалар­ды бор­­­да­қылау алаңдарына өт­кі­з­уін субъсидиялау мәсе­лесі де қарастырылуда.

Жо­ба­­ны тиімді жүзеге асыру үшін Бір­жан сал, Ақкөл, Қор­ғал­жын және Ерейментау аудан­да­рында базалық «негіз­гі шаруа­шылықтар» анықтал­ды. Олар­дың арасында «Щучин­ский гор­мол­завод» ЖШС, «SC Food» ЖШС, «AgroExport Ltd» ЖШС және «Ерейментау Ақбас» ЖШС сияқты шаруа­шы­­лық субъектілері де бар. Жо­ғары­­­да атал­ған шаруашы­лық­тар биыл­дың өзінде жаңадан құрыл­­ған шаруашылықтарға 1,5 мың бас жоғары бағалана­тын ұрық­­­тан­­дырушы бұқаларды қажет­теріне қарай жалға беруге әзір. Осылайша облыста тұ­­қы­мы асыл саналмайтын сиыр­­­­­лар­­ды асыл тұқымды бұқа­лары­­­­мен ұрық­тандыруды толық қам­­та­масыз ету жоспарлануда.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы