Әлем • 03 Мамыр, 2018

«Abu Dhabi International Book Fair-2018» ха­лық­аралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтті

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жылы Абу-Дабиде өткен «Abu Dhabi International Book Fair-2018» ха­лық­аралық кітап көрме-жәрмеңкесі қа­ты­су­шылар үшін өз ерекшелігімен ай­шық­тал­ды. Әдебиетте, өнерде халықаралық мә­дени байланыстарды нығайтуды мақсат ете­тін көрмеге Қазақстан баспаларының өнім­дері ұсынылды.

«Abu Dhabi International Book Fair-2018» ха­лық­аралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтті

Көрменің ашылу салтанатында Біріккен Араб Әмірліктері Сыртқы істер министрі Шейх Абдулла бен Зайд аль-Нахайан сөз сөйлеп, ша­ра­­ның халықаралық маңыздылығын атап өтті.

Қазақстандық баспагерлердің көптеген шетелдердің кітап саласы кәсіпқойлары жиналған алаң­да бас қосуына Қазақстанның Бірккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шәріп мырзаның тигізген қолғабысы зор. Өйткені баспагерлеріміз үшін бұл мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін кәсіби алаң болып табылады.

Қазақстандық делегация құрамында «Дәуір» РПБК бас директоры С.Назарбаева, коммерциялық директоры Б.Ракишева, Ұлттық кітапхананы Сыртқы байланыстар және франдрайзинг тобының жетекшісі, БПКА Жобалар бойынша директоры Б.Қаблаш, «Қазақ энциклопедиясының» директоры Ж.Тойбай, аудармашы П.Қайрат, «By production» директоры М.Сәдуақасова, т.б. баспагерлер қатысты. Қазақстан стендінде 200-ге жуық басылым көрме қатысушыларының назарына ұсынылды. Онда көркем әдебиеттермен қатар балаларға арналған кітаптар, оқулықтар, құжаттамалық-деректі басылымдар бар.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ