Руханият • 03 Мамыр, 2018

Маң дала неге мұңаяды?.. (әңгіме)

853 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Маң дала неге мұңаяды?.. (әңгіме)

Биыл қалаға жаңбыр көп жауды.

Ал далаға... далаға әзірше бір тамшы да тамбай тұр.

Мұнысы несі?..

Біз әдетте, көктемгі даланы, кі­лем­­дей құлпырған қызғалдақты, көк май­са шалғынды, ақша бұлттарды ән мен жырға қоспаушы ма едік.

Әттең...

Тең-тең жүк тиеген түйекештер се­кіл­ді түйдек-түйдек бұлттар әне, та­ғы да аялдамай, қалаға қарай жөң­кі­ліп барады.

Үп еткен желге басын изеп, жел­­кіл­дей жөнелетін жасыл сасыр­дың, ат­құлақ пен қойжелкектің, мез­гі­лін­де бүр жара алмай күреңітіп ба­ра жатқан боз жусанның мұңын қа­зір кім тыңдайды? Көз жасын кім кө­ре­ді?..

Біздің монтайлықтар кеше көк­тен жаңбыр тілеп, тасаттық берді. Мұн­­дағы ел маң даладағы биік шо­қы – Маңсарының ұшар басы ер­те сар­ғайғанын аңдап, іш жиып, үрей­ле­ніп отыр.

Осындай бір шақта: «О-оу, желіні сыз­д­аған қарасұр бұлт­тар, сендер би­­ыл шынымен-ақ ме­й­і­рім-қай­ыры­м­-
нан айыры­лып, ақыл­да­рыңнан алжаса бас­та­ған­сың­дар ма? Онсыз да кө­ше-кө­шедегі лы­қыл­да­ған суды қайда ағы­за­рын білмей, қар­баласып жатқан тас қалада не бар?! – деп еріксіз айғай сал­ғың келеді.

– Аялдасаңдаршы далаға. Құй­саң­даршы селдетіп. Қара жердің иі қа­нып, егін өссін. Шөп шықсын. Мал тойынсын».

Бірақ...

Кім білсін, бұл да бір сынақ шы­ғар-ау.

Себебі біз де даланы тастап, қала­ға қарай жөңкіліп жатқан жоқ­пыз ба?

Атақоныс, ата дәстүр, ата салт, ана тіліміз – бәрі-бәрі көктен жаңбыр ті­ле­ген боз жусандай жүдеп, аспанға қа­рап телміріп қалды емес пе?

Нұрғали ОРАЗ,

«Егемен Қазақстан»