Спорт • 03 Мамыр, 2018

АИБА WADA-мен бірлесіп жұмыс істейді

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
АИБА WADA-мен бірлесіп жұмыс істейді

Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі (WADA) Халықаралық бокс ассоциациясымен (АИБА) бірге жұмыс істейтінін мәлімдеді.

2017 жылдың желтоқсан айында WADA АИБА антидопинг кодексімен бірге тығыз қарым-қатынас орнатпаса, боксты Олимпиада спорт түрінен шығарып тастайтынын айтқан болатын.

«WADA АИБА-ны Бүкіләлемдік антидопинг кодексіне сай жұмыс істейтінін мәлімдеді. Бұл біз үшін өте қуанышты жаңалық», дейді AIBA атқарушы директоры Том Виржетс.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»