03 Мамыр, 2018

Оман Сұлтандығында Қазақ киносы апталығы өтуде

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 Бұл күндері Оман Сұлтандығының астанасы  Маскат қаласындағы «VOX Shatti Cinema» кинотеатрында Қазақ киносы апталығы өтеді. Киноапталық аясында соңғы жылдары жарыққа шыққан отандық режиссерлердің танымал фильмдері көрсетіледі.

Оман Сұлтандығында Қазақ киносы апталығы өтуде

Қазақ киносы апталығының ашылу салтанатына Оман Сұлтандығының зиялы қауымы, іскерлік және мәдени ұйымдар өкілдері, сонымен қатар дипломатиялық корпустың өкілдері мен Оман Сұлтандығында тұратын Қазақстан азаматтары қатысады.

 Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Ержан Мұқаш аталмыш мәдени шара ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған міндеттердің бірі – «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында өткізіліп жатқанын және осындай іс-шаралар екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға кең мүмкіндік беретінін айтты.

Маскатта өтіп жатқан Қазақ киносы апталығы режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмімен ашылды. Ал 5 мамырда омандықтар қазақ хандығының құрылуы туралы баяндайтын, режиссері Рүстем Әбдірашевтың «Алмас қылыш» тарихи фильмін тамашалайтын болады. 

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».  

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20