Қазақстан • 03 Мамыр, 2018

Алматыда «Туризмді дамытудың 100 қадамы» іске асырылады

761 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай мәлімдеді.

Алматыда «Туризмді дамытудың 100 қадамы» іске асырылады

Бағдат Ғазизұлының айтуынша, бүгінде Алматыда туризмнің 5 салалық қауымдастығы бар. Қала әкімдігімен бірлесіп туристік нысандарды тізімдеу жүргізілді, өңірлік қауымдастық құжаттандырылған.  Экологиялық және этно-туризм – Алматы қаласының негізгі туристік өнімдері. Алматының экологиялық және этно-туризмінің экономикалық әлеуеті шексіз. Туризм және сыртқы байланыс басқарамасы экологиялық және этнотуризмді дамыту мақсатында 6 экологиялық туристік тропқа абаттандыру жүргізілді: Медеу – Кімасар, Медеу – Горельник, Медеу – Көкжайлау, Медеу – Бутаковка, Халықтық соқпақ, Алматау – Бутаковка.

Қазақ ұлттық қолөнерін жаңғырту және оның танымалдылығын арттыру мақсатында «Qazaq-Oner» қолөнер шеберлерінің Орталығы ашылды.

Тау маршруты енгізілген мобильдік қосымшаны әзірлеу және «Ethnoland» этно-мәдени кешенінің құрылысы жоспарланған. Кешеннің бет бейнесі ретінде Жібек Жолындағы ортағасырлық қала «Алмату» алынады, көшпенді мәдениет пен заманауи үрдіс қабыстыралады, - деді Бағдат Телебай.

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасықаладағы «Туристік ақпараттық орталығы» ЖШС бірлесіп туристік нысандарды түгендеу жұмысын жүргізді, 2544 туристі нысан зерттелді. Бұл түгендеу-тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша Туризм және сыртқы байланыс басқарамасы «Туризмді дамытудың 100 қадамы» бағдарламасының жобасы мен оны жүзеге асырудың жоспарын дайындады.

Жоспарланған іс-шаралар аясында ынтымақтастыққа жаңа әуе компаниялары мен лоукостерлерді тарту (FinnAir, WizzAir, BritishAirways, KLM, Etihad, Easyjet), шетелдік саяcаттаушылар үшін виза беру процесін оңтайландыру, туристерді ақпараттандыру жүйесін дамыту мен қолдау, Алматы қаласы брендінің эволюциясы енгізілген маркетингтік стратегияны әзірлеу, табиғи көрікті жерлер, ұлттық саябақ пен қорықтардың аумағын абаттандыру, қонақүй, эко-ферма ашатын және жұмыс орнын құратын шаруақожалықтары үшін жеңілдіктер мен артықшылық бағдарламасын әзірлеу, шипажайлар мен демалыс базаларының жағдайы мен қызмет сапасын стандарттау және жетілдіру, музей, галерея, театрлар мен басқа да мәдени орындарды дамыту және өрістету бар.

– Жоғарыдағы бағдарламаны іске қосу 2018 жылдың ІІ тоқсанына жоспарланған. Біздің міндетіміз жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, туристердің қалаға келуінежайлы жағдай жасау, – деді брифингте Бағдат Телебай.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

 АЛМАТЫ