Қазақстан • 03 Мамыр, 2018

Қызылорда облысында 37 Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен 5726 тыл еңбеккерлері тұрады

2449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында 37 Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен 5726 тыл еңбеккерлері тұрады деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі.

Қызылорда облысында 37 Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен 5726 тыл еңбеккерлері тұрады

Күндей күркіреп өткен соғыстың жарасы мәңгілік есте. Екінші дүние жүзілік соғыста 50 млн.-дай адамның өлгені жайлы деректер айтылып жүр. Міне, соғыс салған зобалаң.

Өрімдей жастығын соғыс жалмаған ардагерлер мен тың еңбеккерлерінің ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес.

Жақында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қарт майдангерлердің бірі Бөрібай Құлмановтың үйінде болып, жеңіс күнімен құттықтады.

Ұлы Жеңіс мерекесіне орай, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне материалдық және әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық және жергілікті бюджеттен 422,3 млн. теңге қаражат бөлінген. Атап айтсақ:

37 - Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне - 192400 теңгеден, Ұлы Отан Соғысы жылдарында жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін КСР Одағының ордендері мен медальдарымен наградталған 82 адамға - 120250 теңгеден, Ұлы Отан Соғысы жылдарында кемінде алты ай қызмет еткен 5382 адамға 72150 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді.

Ардагерлердің еңбегі осылайша ұлықталып жатыр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

 Қызылорда облысы