Қазақстан • 03 Мамыр, 2018

Испаниялық инвесторлар Маңғыстауда бірқатар жобаларды іске асыруды ұсынды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испаниялық инвесторлар Маңғыстауда бірқатар жобаларды қаржыландыруға ниетті. Бұл туралы шетелдіктердің Маңғыстау облысы әкімі Е.Тоғжановпен кездесуінде белгілі болды.

Испаниялық инвесторлар Маңғыстауда бірқатар жобаларды іске асыруды ұсынды

-  Инвестициялық саясат – бұл Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының ұстанған негізгі саясаттарының бірі. Бізде еркін экономикалық аймақ алаңы жұмыс істеуде. Аталған аймақтың шарттарымен және артықшылықтарымен танысуды ұсынамын. Біз сіздермен осы бағытта жұмыс істеуге әрқашан дайынбыз. Бүгін біз Systemecs Engineering and Construction компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық, деді аймақ басшысы Е.Тоғжанов.

 Sistemecs Engineering and Construction компаниясы  тәулігіне 10 мың текше метр су тазалайтын Теңіз суын тұщытатын станцияның құрылысы, сыйымдылығы 50 мВт болатын баламалы электр станцияларын (күн және жел энергиясынан қуат алатын) салу және  Маңғыстау, Атырау, БҚО, Ақтөбе облыстарына, сондай-ақ көрші мемлекеттерге қызмет көрсетуге арналған аймақтық медициналық кешен құрылысын салу сынды жобаларды  іске асыру, қаржыландыру және жабдықтау қызметін ұсынды.

 Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

 «Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы