Аймақтар • 03 Мамыр, 2018

ШҚО Ұлан ауданына жаңа әкім тағайындалды

735 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлан аудандық мәслихаты депутаттарының келісімімен аймақ басшысы Даниал Ахметовтің өкімімен Ұлан ауданы әкімі қызметіне Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов тағайындалды. Ол бұған дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған-ды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

ШҚО Ұлан ауданына жаңа әкім тағайындалды

Жаңа басшыны аудан активіне облыс әкімі Даниал Ахметов таныстырды. Нұрымбет Аманұлы 1970 жылы 6 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1992 жылы Қызылорда педагогикалық институтын тәмамдаған. Сондай-ақ, Қызылорда аграрлық-техникалық колледжінде, МЭСА қашықтықтан білім беру институтында, МЭСА Қызылорда экономика, статистика және ақпарат институтында білім алды.

Еңбек жолын институт бітіргеннен кейін 1992 жылы Қызылорда қаласындағы №172 орта мектебінде мұғалімдіктен бастаған. ҚР Қарулы күштері қатарында әскери борышын өткерген соң Қызылордада №9 орта мектепте жұмысын жалғастырды. 1995 жылдан бастап Қызылорда облысы бойынша Кеден басқармасының бөлім бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

Кейін бес жыл ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінде бас инспектор, төрағаның көмекшісі, бөлім бастығы қызметін атқарды. 2006 жылдан бастап ҚР Парламентіндегі Үкімет Өкілдігінің бас инспекторы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бөлім бастығы, министрдің кеңесшісі болды. 2007 жылдың кыркүйек айында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары қызметінатқарды. 2012 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, ал 2015 жылдың 31 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН