Аймақтар • 04 Мамыр, 2018

Елімізді биік белестерге бастайды

603 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнер­кә­сіп­тік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қа­зақстан халқына Жолдауы мен бес әлеуметтік бастамасы бірін бірі толықтырып тұрған үндес бағдарламалар. Ал Жолдауда білім саласы жан-жақты қамтылғаны ерекше қуантты. 

Елімізді биік белестерге бастайды

Өйткені он басымдықтан тұ­ра­тын биылғы басты бағдар­ламалық құжаттың ең негізгі ерекшелігі – интеллектуалды ұлт қалыптастыру жолында ақпа­рат­тық технологияларға негізделген инновациялық дамыған қоғам құру.

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бар­лығы оқу мен тоқу арқылы жа­салған. Осы орайда білім саласы Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаевтың на­зарынан ешқашан тыс қалған емес. Бұл Жолдауда білім қоға­мын дамытуға арналған құнды­лықтарға бірнеше басымдық берілгенін байқаймыз. 

 Мәселен, Елбасының «Соңғы жыл­дары әлемде қалыптасқан 7 мың термин қазақ тіліне ауда­рыл­ған. Осындай аудармалар­ды негіздеу тәсілдерін қайта қа­рас­тырып, терминология тұр­ғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керек. Ла­тын әліпбиіне көшу бұл мәсе­лені реттеуге көмектеседі. 2025 жылға дейін білім берудің бар­лық деңгейінде латын әліп­биіне көшудің нақты кестесі әзір­ленеді», деген сөздерінен латын әліпбиіне көшудің нақты бағыт-бағдары көрінді. Бүгінгі таңда кирилл жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады. Ал қалған мемлекеттердің көбі латын әліпбиін қолданады. Демек, бұл кең таралған жазу. Қарапайым ғана мысал келтірер болсақ, қазір ұялы телефонда латын қарпінде жазу оңай, ал кириллицада қазақша тере алмай қиналып жататындар да баршылық. Себебі латын әліпбиінің базасы қалыптасқан әрі ауқымы кең. Өкінішке қарай, латын әліпбиінің қазақ тарихындағы ғұмыры ұзақ болмағаны да белгілі. Десе де, оншақты жылдың ішінде бұл жазу сол уақыттағы қазақ тілінің құлдырауын біршама тоқтатты. Себебі латын әліпбиінің басым бөлігі фонетикаға негізделді, яғни сөздің таза айтылуын сақтап қалды. Түркі дүниесіне ортақ заңдылықты сақтады. Енді сол үрдісті жалғастырып, заманға сай лайықтап, бейімдеп, әрі қарай дамуына ықпал етуіміз қажет. 
 Сонымен қатар Елбасының «Орта мектеп пен колледж­дер және жоғары оқу орында­ры үздік оқытушыларының бей­не­сабақтары мен бейнелекцияларын Интернетте орналастыру керек. Бұл барлық қазақстандықтарға, оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарына озық білім мен құзіреттілікке қол жеткізуге жол ашады», деген сөздері ма­ған және әріптестеріме, рес­пуб­ликалық «Үздік педагог» бай­қауының жеңімпаздарына, өз іс-тәжірибесімен ауқымды көлемде бөлісуге тиімді мүмкіндік деп ойлаймын. 

Әрине Елбасының мұғалім мамандығының беделін арттыру мақсатында жасап жатқан игілікті істері көп. Қазақстан өзінің тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап-ақ мектеп дамуына қолдау көрсетуді назарына ұстап келеді. Мемлекет басшысы Қазақстанда жас ұрпақтың әлемдік стандартқа сай білім алуы үшін қажетті жағдайлардың жасалғанын айта келе, «бұл – мем­лекеттің даму саясатының басым бағыттарының бірі» деп атап көрсетті. Қазақстан әлем­дік қаржы-экономикалық дағда­рыстар жағдайында да халық­тың әл-ауқатының артуына мүм­кіндігінше қолдау жасап келе­ді. Соның ішінде мектеп мұға­лім­дерінің жалақысы жылма-жыл сатылып өсіп жатқанына бә­ріміз де куәміз. Биылғы Жол­дауда да Елбасымыз мұғалімнің еңбек жалақысының оқу бағ­дар­ламаларының жаңартылған мазмұны аясында оқудан өткен мұғалімдердің лауазымдық жала­қысы біліктілігін дәлелдеуіне байланысты 30-дан 50 пайызға дейін өсетінін айтты. 

Бұл Жолдау мемлекетімізді баянды белестерге бастайды. Ұстаздар қауымына үлкен жауап­кершілік артылуда. Дегенмен мемлекеттен осындай қолдау болған соң, әрбір мұғалім білім және тәрбие нәрімен сусын­дат­қан түлектерінің болашақта жа­һан­дық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін аянбайтыны да анық. 

Зухра ҮСЕНБАЕВА, 
Баймырза Бесбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жамбыл облысы,
Жамбыл ауданы