Жиынды кіріспе сөзбен ашқан денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин биыл «Қызылжар-СК» футбол командасының құрылғанына жарты ғасыр толатынын, оның бай тарихы жетітіктерге толы екенін, премьер-лигада жақсы ойын өрнегін көрсетіп жүргенін жеткізді.
Футбол федерациясының президенттігіне қала әкімі Марат Тасмағанбетовтың кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан қолдау тапты. Соңғы кездері шахардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірі қарқынды дамып келеді. Спорт саласында да жаңалықтар аз емес. «Жастар» стадионы қалпына келтірілді. 28 шағын футбол алаңы салынды. 20 көшеге жаттығу тренажерлері қойылды. Футболшыларға арналған жаңа жабық манеж жұмыс істейді.
Марат Иманбайұлы өзіне көрсетілген сенім үшін алғысын айтып, балалар-жасөспірімдер футболына айрықша көңіл аударылатынын атап көрсетті.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.