Жаңа орынбасарды облыс әкімдігі активіне Даниал Ахметов таныстырды. Ерлан Қапарұлы 1970 жылы 18 наурызда Павлодар қаласында дүниеге келген. Павлодар педагогикалық институтын және Павлодар университетін «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Мемлекеттік қызметте еңбек жолын 2000 жылы Павлодар облысы әкімі істері басқармасының хаттамалық іс-шаралармен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы қызметінен бастады. 2001 жылдың желтоқсанынан Павлодар облысының туризм және спорт департаментінің бастығы, кейін Павлодар облысы әкімінің көмекшісі міндетін атқарады. 4 жыл бойы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі болды. 2012 жылдың наурызында Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым бойынша коллегиясы (Министр) мүшесі хатшылығының басшысы лауазымына тағайындалды. 2015 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратын басқарды. 2016-2017 жылдар аралығында Өскемен қаласы әкімі қызметін атқарды.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы