"Мақат-Доссор" жолын қалпына келтіру "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүруде. Тапсырыс беруші - ҚР автокөлік жолдары комитеті. "Ақтөбе-Атырау" автокөлік жолының 487-504 шақырымында орналасқан учаскедегі жөндеу жұмыстары Азия даму банкі есебінен жүруде. Бөлінген қаржының жалпы сомасы 3,3 млрд теңге, 2018 жылы қалпына келтіруге 2,5 млрд теңге қаралды.
-Қазір жұмысшылар ескі асфальт төсемін алып, жаңасын салуға дайындап жатыр. Учаскені қалпына келтіруге 47 адам жұмылдырылды,- дейді «Атыраужолзертханасы» РММ құрылыс жұмыстары жөніндегі инженері Нұрлан Жантөрин.
"Атырау-Астрахань" жолын қалпына келтірудің екінші бағыты аясында 277 км-ге жобалау-сметалық құжаттама дайындалды. Қазір Ислам даму банкімен келісім-шарт бекітілуде, жақын арада жоба қаржыландырылады.