Аймақтар • 04 Мамыр, 2018

Маңғыстауда тұңғыш рет грек-рим күресінен халықаралық турнир өтеді

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл сайын еліміздің түпкір-түпкірінде өткізіліп жүрген Қазақстанның Еңбек Ері, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен халықаралық гран-при турнирі  биыл мамыр айының 03-06 күндері аралығында Ақтау қаласында алғаш рет  өткізіледі.

Маңғыстауда тұңғыш рет грек-рим күресінен халықаралық турнир өтеді

Биылғы 1998-2001 жылы туылған жастар арасындағы турнир  United World Wrestlingа (Біріккен күрес әлемі) халықаралық күрес федерациясы ұйымының жылдық жоспарына ресми түрде еңгізілді. Турнирге 15-тен астам шетелдік командалар қатысады деп жоспарланған, қазіргі таңда Украина, Грузия, Армения, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан мемлекеттері ниет білдірсе, Ресей, Иран, Азербайджан, Белорусия т.б. командалар ұсыныстарын қарастыруда.

Халықаралық «Біріккен күрес әлемі» (UWW) федерациясының талаптарына сәйкес өткізілетін турнирге қадірлі қонақтар, танымал спортшылар мәртебелі қонақ ретінде қатыспақ.

Халықаралық санаттағы төрешілері жүргізетін турнирде 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 87, 97, 130 кг. салмақ дәрежелеріндегі палуандар күш сынасады. Аламанда

Маңғыстау облысының намысын  5 спортшы қорғайды. Төрт спортшы облыстық командадан күрессе,  бір спортшы Қазақстан Республикасы құрама командасының қатарында күреседі.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері және жеңімпаздардың жаттықтырушылары медаль, диплом, естелік сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, ұйымдастыру алқасының бекітуімен, 1 орынға 1 000 $; 2 орынға 700 $;3 орынға 500 $ жүлде, жеңімпазды дайындаған жаттықтырушыға  500 $ жүлде берілмек.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы.