Құрметті отандастар!
Қазақстан халқы Отан қорғаушы мерекесін атап өтуде.
Бұл мереке біздің өмірімізде берік орныққан, бейбітшілік пен келісім күзетінде тұрғандардың, отанды кез келген қауіп-қатерден қорғайтындардың, өз еліне адал беріліп, шексіз сүйіспеншілікпен қарайтындардың жауынгерлік парызының символы болып табылады.
Біз бейбіт күнде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет ететіндерге, құқық қорғау және арнайы органдарда жұмыс істейтіндерге, халқымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ететіндерге ерекше ризашылығымызды білдіреміз.
Батылдық, ержүректік, қайсарлық пен антқа деген адалдық біздің сарбаздарымыз бен офицерлеріміздің әрқашан айнымас қасиеті болып табылады.
Қымбатты қазақстандықтар!
Бүгінде еліміздің дамуына үлес қосып жүрген әрбір Қазақстан азаматы өз Отанының қорғаушысы болып табылады.
Бұл тамаша күнде баршаңызға жақсылық, бақыт, келісім, әр отбасына береке тілейміз.
Ардагерлеріміздің дені сау болып, сарбаздарымыз бен офицерлеріміздің қызметі табысты болғай.
Бұл мереке әрқашан салтанатты және қуанышқа толы болсын!
Біздің берекелі жерімізде әрдайым бейбітшілік пен келісім орнасын!
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі