Өнер • 05 Мамыр, 2018

Ел мен елді табыстыратын алаң

442 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Алаш жұртының асқақ айбары, ару Астанамыздың 20 жылдығы тойланар жылдың мерекелік тартулары сан алуан нақышқа ие. Мәселен, Астананың туған күні қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтары үшін маусым мен қыркүйекте 175 мәдени-спорттық іс-шара өтеді деп күтілуде. Осылардың ішінде Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалінің алар орны айрықша болмақ. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлынан біз осынау айтулы театр мерекесінің ерекшелігі мен маңызы туралы айтып беруін сұраған едік. 

Ел мен елді табыстыратын алаң

– Жеңіс Сейдоллаұлы, мынадай әлемдік деңгейдегі үлкен шара несімен ерекшеленеді және де дүние­жүз­ілік театр фестивалі қай күндері өтеді деп жоспарлануда?

– Қазақ елінің айшуақ тұғыры –Астананың 20 жылдығын айрықша сипатта, кең көлемде атап өтудің ма­ңызы өте зор. Астана – тәуелсіздік жо­лын­да атқарған алапат ұлы істері­міз­дің жемісі, құнды шежіресі іспет­ті. Елбасының Ақмола қаласын жас, тәуелсіз мемлекеттің ордасына айна­л-
­ды­рудағы асқақ арманы мен ға­ла­мат бастамасының бүгінде өмір­шең­­дігі мен дұрыстығына көзіміз ай­қын жетуде. Ұлы идея қазір айны­мас ақиқатқа айналды. Мұның бәрі көз алдымызда өткен жоқ па? Қазір Астана – тәуелсіз Қазақ елінің жарқын бейнесі, мақтанышы десек, артық емес. Сондықтан Астананың мерейтойын абыройлы атап өту жанымыздың жапырағын жазира даланың кәусар лебі тербеп, әсем әуенмен демегендей сипатта, еліне, жеріне адал қызмет етуді мұрат еткен әр азаматтың арзу-аңса­ры ретінде тойлануы алдымен бір­лікке, татулыққа жүктелер сын әрі ел­дікке, егемендікке сүйіспеншіліктің бесі­гі саналады.

Астана мерейтойы үшін Үкімет бекіткен 175 мәдени-спорттық іс- шараның ішінде 44 халықаралық жоба бар. Соның ішінде маңыздылығы жағынан Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалінің шоқтығы биік болмақ. Фестиваль Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 17-30 маусым күндері елорда сахнасын шуаққа бөлеп, Еуропа мен Азияның ай­тулы театр ұжымдары қатысатын ау­қымды шаралармен шаттықты еселетеді. Айбынымызға айналған ару Астана мұндай керемет тартуды бұрын-соңды бастан кешпеген десек, қателеспейтін шығармыз. Дү­ниежүзілік театр фестивалінің шы­мылдығы «Қазақстан» Орталық кон­церт залында ашылады деп күті­лу­де.

– Астанада Дүниежүзілік театр фестивалі алғаш рет былтыр ЭКСПО-2017 халықаралық маман­дан­дырылған көрмесі аясында өткен болатын. Елордалықтар мен шетелдік қонақтар әлем елдері те­атр­ларының қойылымдарын та­ма­шалап, елорда сахналары жібек­тей ескен көркем туындылармен жаң­ғырды... Ал биыл фестивальға кім­дердің қатысатыны мәлім болып отыр?

– Дүниежүзілік театр фестивалін осымен екінші рет ұйымдастыруға, елордалық көрерменнің әлемдегі ең үздік театр қойылымдарымен таны­су­ына мүмкіндік туғызып отыр­ған «Қазақконцерт» мемлекеттік кон­це­рт­тік ұйымы екенін айта кеткен жөн. Биыл фестивальға әлемнің ал­дың­ғы қатарлы ең танымал театрлары – Италия, Ресей, Литва, Жапония, Қытай, Грузия, Ұлыбритания, Польша елдерінің үздік өнер ұжымдары қатыспақ. Атап айтқанда, «Piccolo Teatro di Milano» (Италия), «Meno Fortas» (Литва), «TRWarsawa» (Польша), Ш.Руставели атындағы Грузия мемлекеттік академиялық теат­ры (Грузия), Қытай халық көркем театры (Қытай), Тадаси Сузуки-сан­ театры (Жапония) келеді. Өнерсүйер қауым екі апта бойы дәс­түрлі ба­ғыт­тағы театрлар мен шығар­ма­шы­лы­ғына жаңашылдықты ту ет­кен өнер ұжымдарының үздік қойы­лым­дарын тамашалай алады.

–Театр өнері кісіні ерекше сезім­ге бөлейтін руханияттың ең бір нәзік саласы емес пе? Сах­на­лық қойылымдар негізінен – пье­саның мəтіні бойынша, ре­жиссердің, əртістің, суретшінің, ком­позитордың тізе қосып, тер тө­гуі­нен пайда болатын ғажайып ту­ынды. Солай бола тұ­ра кез келген шы­ғарманың әділ сын­шысы қа­шан­нан қарапайым халық десек те, айтулы шараны кә­сіби тұр­ғыда са­­ралап, бағалауда сала ма­ман­да­ры­ның атқарар рөлі қан­дай бол­мақ? 

– Театр дегеніміз – барша отбасы­ны туыстыратын отбасы, – деген тәм­сіл бекер айтылмаған болса керек. Әлемдік театрлардың тыныс-тір­ші­лігін бұл фестивальда осы саланың жі­лігін шағып, майын ішкен нағыз кә­нігі өнер майталмандары сараптайды деп күтілуде.

Еуропа мен Азияның арасын жақын­дастырып, ортақ идеяға жұ­мыл­­дыратын астаналық фестиваль сон­дай-ақ жергілікті актерлеріміз бен ре­жиссерлеріміздің кәсіби шеберлігін шың­дап, тәжірибелерін арттыруда үлкен мектептің рөлін атқармақ, көрерменнің тынысын кеңейтіп, сезімнің сергуіне серпін беретін шараға айналмақ. Екі аптаға созылатын театр додасына әлемнің түкпір-түкпірінен кәсіби театртанушылар мен БАҚ өкілдері арнайы шақырылып отыр. Олардың арасында белгілі адамдардан Асанәлі Әшімов (Қазақстан), Алексей Бартошевич (Ресей), Йонас Вайткус (Литва), Давид Асатиани (Франция), Беатрис Пикон Валлен (Франция), Ёсихиро Накамура (Жапония) бар. Олар әрбір спектакльді театр қойылымынан соң кеңінен талқыға салып, өз ойларымен бөліседі.

– Бүгінгі таңда әлемдік театр өне­рін­де танымал театр сыншылары тек мә­дениеттанушы-ғалым ғана емес, те­атрдың жұмысын насихаттайтын жар­намашыға айнал­ға­ны мә­лім. Олар өз елдерінің үздік қой­ы­­лымдарын әлем назарына ұсы­­нып, басқа мемле­кеттерге апа­рып көр­сетуге белсене а­тса­лы­сып келе­ді. Осы тұрғыдан келгенде, ІІ Дү­ние­жү­зілік «Астана» театр фести­ва­лінен жұ­ртшылық не күтеді? 

– Қай өнер саласы болсын ел мен елді жақындастырып, аралас­ты­ра­тын халықтық елші саналады. Дү­ние­жүзілік театр фестивалінің біздің елімізде өтуі біріншіден, әлем­дік театр қауымдастығындағы орнымызды айқындауға мол мүмкіндік туғызады, екіншіден, төл туындыларымызды насихаттауға айтарлықтай үлес қосады.

– Фестивальды өткізудегі мақсат та осы ойдан туындаса керек-ау? 

– Сонымен қатар бұған іс-шараға қаты­сушы театр ұжымдары мен олар­дың шығармашылығын насихаттау­ды, Қазақстанның тарихи-мәдени ұлттық мұрасын әлем назарына ұсы­нуды, актерлердің шеберлігін шың­дауды, өзара тәжірибе алмасуды, үз­дік спектакль, үздік режиссерлік, актерлік жұмыстар мен авторлық шы­ғар­маларды анықтауды қосқан аб­­зал. Келешекте Қазақстан мен Еуро­­­паның, Азияның кәсіби театр ұжым­­дары арасында шығармашылық ын­ты­мақтастық берік орнап жатса, қандай ғажап! Демек, халықаралық ауқымға ие бұл шара қазақстандық бәсекеге қабілетті өнер мен мәдениет саласындағы жобалардың жүзеге асырылып жатқан тағы бір жарқын көрінісі деуге толық негіз бар. Елбасының қоғамдық сананы жаңғыртуды мақсат тұтқан бағдарламасындағы басты бағыт та осы оймен толықтай ұштасып жатқан жоқ па?! 

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»