Аймақтар • 08 Мамыр, 2018

Павлодарда «Сап және саптық әндер» байқуы өтті

754 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығында Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күні мерекесіне арналған облыстық байқауға ауыл, қалалардан келген 450 қатысушысы бар 12 команда қатысты.

Павлодарда «Сап және саптық әндер» байқуы өтті

Фото: Маржан ШУМАҚОВА

Баянауыл аудандық білім бөлімінің әдіскері Маржан Шумақованың айтуынша, аудан бойынша 30 оқушы келіпті. Байқау алғашқы әскери дайындық сабағындағы теориялық дайындық, саптық дайындық, саптық ән мен жеке құрамның сырт келбеті деген 4 кезең бойынша өтті. Қорытындысында 1-орынды облыс орталығы командасы иеленді. Аудандар арасында 1-орынды Баянауыл ауданы, 2-орынды Ертіс ауданы, 3-орынды Успен ауданының командалары жеңіп алды. 

Баянауыл ауданының командасын Қанағат Төлеутайұлы, Мейрамбек Тұрлыбекұлы, Аққу Әлиханұлы, білім бөлімінің әдіскері Аслан Бүркітұлы дайындады. Оқушылар сапқа тұру мен сапта тұрғанда айтылатын патриоттық әндерді жақсы орындап шықты. Болашақ сарбаздар бола алатындықтарын көрсетті. Шара соңында жүлдегерлерге кубоктар табыс етілді

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Павлодар