Кездесу барысында ауған үкіметінің жетекшісі достас және бауырлас қазақстандық тарапқа, сондай-ақ жеке Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа үнемі қолдауы үшін алғысын білдірді. Ол Қазақстан мен Ауғанстанның екіжақты ынтымақтастығы екі елдің президенттері арасында және түрлі халықаралық форумдар шеңберіндегі ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевпен кездесулердің жемістілігіне сілтеме жасай отырып, үкіметтер деңгейінде қалыптасқан сенімді қарым-қатынастарында негізделгенін атап өтті.
Сонымен қатар, А.Абдулла Ауғанстан аумағында бейбітшілік пен қауіпсіздіктің қайта орнығуына бағытталған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қазақстандық бастамалардың зор маңыздылығын баса айтты. Ол 2018 жылдың қаңтар айындағы БҰҰ ҚК делегациясының Қабыл қаласына іссапарына тоқталып, жалпы Қазақстанның басқа да ұсыныстары мен бастамаларын толықтай қолдайтындығын мәлімдеді.
Ә.Есенгелдиев өз тарапынан Қазақстанның ауғандық реттеу бойынша барлық халықаралық және өңірлік, оның ішінде БҰҰ, ИЫҰ, ШЫҰ және тағы басқа халықаралық форумдар алаңындағы қолдауын жалғастыруға ниетті екендігін растады.
Қазақстандық дипломат жұмыс орындарының ашылуына жағдай жасауды, ауыл шаруашылығын, өнеркәсіпті дамытуды, пайдалы қазбаларды өндіруді реттеуді көздейтін экономикалық даму мен қауіпсіздіктің байланысты болуының маңыздылығын атап өтті.
Сұхбаттастар елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды ұлғайтудың өзектілігімен және ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және тағы басқа салаларды қоса отырып, екіжақты өзара қарым-қатынастың бар әлеуетін қолдану қажеттілігімен келісті.