Оның кандидатурасына 59 депутат дауыс берді. Бұл лауазымға сайлану үшін парламентшілердің 53 дауысы қажет болатын.
Никол Пашинян премьер-министр қызметіне ұсынылған жалғыз үміткер болды. Ал бұрынғы премьер Серж Саргсян оппозиция жақтастарының жаппай митинг жасауынан кейін, отставкаға кетті. Наразылық акциялары басқарушы парламенттік коалицияның ыдырауына соқтырды.