Аймақтар • 08 Мамыр, 2018

Семейде «Нұр Отан» партиясы ардагер Ахметкәрім Ахмадиевті Жеңіс күнімен құттықтады

488 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Семейде «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы ардагер Ахметкәрім Ахмадиевті 9 мамыр - Жеңіс күнімен құттықтады.

Семейде «Нұр Отан» партиясы ардагер Ахметкәрім Ахмадиевті Жеңіс күнімен құттықтады

Ахметкәрім Ахмадиев 1925 жылдың 12 тамызында Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Саршоқы ауылында дүниеге келген екен. Әкесі  Қайыңды орман шаруашылығының басшысы, ағаштан түйін түйген шебер адам болыпты. Шешесі үй шаруасында, бала тәрбиесімен отырған. Ахметкәрім ата үш жасында жетім қалған. Сол бір жылдары қазақ даласы жазалауды, аштықты, жұқпалы аурумен ауырғанды басынан өткізген еді, тағдыр тауқыметі оны да айналып өтпеді. 1939 жылы Ахмедкәрім Ахмадиев бастауыш мектепте 7 сыныпты бітіреді. Мектепті аяқтаған кейін колхозға жұмысшы болып істеген. 1943 жылдың 2-інші ақпанында Ахметкәрім Ахмадиев әскер қатарына Забайкальеға шақырылады.

Бұл кісінің жауынгерлік жолын кеудесі толы орден, медальдардан да көруге болады, атап айтқанда «Жапонияны жеңгені үшін» 1946 ж, «Отан соғысы» II дәрежелі ордені және тағы басқа марапаттары. 1950 жылы соғыс аяқталғаннан кейін әскерден қайтқан Ахметкәрім Ахмадиев өз туған жеріне, Самар ауданы, Саршоқы ауылына оралады. Ахметкәрім аға жұбайы Шөкенмен бірге 6 бала өсіріпті. Қазір 17 немере, 11 шөбересі өсіп келеді.

- 2007 жылы Күршім ауданының маслихатының шешімі бойынша Ахметкәрім Ахмадиевке «Күршім ауданының Құрметті азаматы» атағы табысталған. Сондай-ақ, арнайы мемлекеттік сақтауға құжаттарын Ахметкәрім ата өзі тапсырған екен. Ақ самайлы ардагер бүгінгі уақытта өзінің күш қуатымен белсенді өмір кешуде, - деді Семей қалалық «Нұр Отан» пратиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің мегерушісі Дархан Жұмаділ,- осыдан біраз бұрын облыс әкімі Даниал Ахметов қаладағы «Нұр Отан» партиясының үйінде Ахметкәрім ақсақалмен кездесіп, жағдайын естіген соң, денсаулығына орай осы Семей қаласына қоныс аударуына көмектесті. Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы бірден Семейдің ең көрікті, орталық ауданынан жаңадан салынған зәулім үйден пәтер бергізді. Биыл біз де  9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай Ахметкәрім ақсақалды құттықтап, ардагердің Күршім ауданы, Марқакөл аумағы, жалпы туған жері жайлы ыстық лебізін, естеліктерін де естіп қайттық.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА