Орталық басшысы Жанболат Мелдешов пен жергілікті басқарма басшысы Дінислам Болатханұлы Меморандумға қол қойылды. Енді тараптар шетелде кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттырудың халықаралық бағдарламалар бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырмақ. Жергілікті оқу орындарын бітірген түлектер əлемдік университеттерде білім алу мүмкіндігіне ие болады. Яғни, меморандум барысында павлодарлық жастар шетелде білімдерін жетілдіріп,біліктіліктерін арттыруға есік ашылды. Орталықта Германия, Франция, Венгрия, Қытай және Ресеймен келісімшарттар жасалады. Жанболат Мелдешовтың айтуынша, бұл мақсат жүзеге асуы үшін арнайы гранттар бөлінеді.
- Колледж студенттері шетелге барып оқимын десе, оқуды бітірген соң екі оқу орнының дипломын алады, - дейді Жанболат Мелдешов. –Түлектер «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде білім алу үшін қойылатын шарттар мен сынақтардан қорқады. Егер аттестаттың қорытынды балы, шет тілін жақсы білсе қиындық болмайды. Елімізде «Болашақ» бағдарламасы бойынша 13 мың студент стипендиант атанды. Қазіргі уақытта 125 грант Қытай, 100 грант Франция, 40 грант Польша елдерінің жоғарғы оқу орындарына бөлініпті.
Колледждің тарихы әріде 1968 жылы ашылды. Алюминий зауытының болашақ жұмысшыларын оқыту мақсатында ашылған кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орны әртүрлі кезеңдерді бастан өткерді. 2013 жылы Түсті металлургия коллежді деп атала бастады. Былтыр 200 орындық «Студенттер үйі» жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Жатақхана «Қазақстан Алюминийі» АҚ демеушілігімен салынды.
Іс-сапар аясында «Халықаралық бағдарламалар орталығының» Президенті Жанболат Мелдешов орта мектептердің, кәсіптік және техникалық білім беретін колледждердің, «Серпін» бағдарламасы бойынша оқитын студенттермен кездесті.
Фарида Бықай,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар
Суретті түсірген: Айгүл Есенәлі