Аймақтар • 09 Мамыр, 2018

Қармақшыда соғыс ардагерлерін құттықтады

646 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов Ақай ауылдық округінде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмырза Жармановты, Жосалы кентінің тұрғыны Ұлы Отан соғысының ардагері Қуанышбай Бисенбаевты және Вьетнам соғысының ардагері Иса Бисеновтің шаңырағына арнайы барып Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесімен құттықтады.

Қармақшыда соғыс ардагерлерін құттықтады

Сонымен қатар аймақ басшысы Қ. Көшербаевтың, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М. Әшімбаевтың және өзінің құттықтау хаты мен сый-сияпатын табыс етті. 

-Жеңіс күні – халқымыздың қажымас қайратының, ерлігі мен еңбегінің арқасында келді. Екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті төнген шақта майдангерлеріміз ел үшін кеуделерін оққа тосып, қан шайқасқа аттанды. Майдандағы батылдық пен тылдағы табанды еңбектің нәтижесінде жеңісті жаудың қолынан жұлып алып, бейбіт өмірге бет бұрдық. Отан үшін жанқиярлық ерліктің үлгісін көрсетіп, оқ пен оттың арасына түскен ағаларымыз бен әкелеріміздің ерлігі бүгінгі ұрпаққа үлгі өнеге. Тәуелсіздік алып, ел еңсесін тіктеп бейбіт өмір сүру – осынау мерекенің жемісі. Майдангерлеріміз бен тыл ардагерлеріміздің сіңірген еңбектерін біз әрдайым жоғары бағалаймыз, - деді Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов.