Қазақстан • 10 Мамыр, 2018

Ерлік ескірмейді

541 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сұрапыл соғысқа Атырау аймағынан 43 мыңға жуық адам аттанған. 15 364-і сол күйі оралмады. Майдангерлер тұтынған бұйымдар, фотосуреттер мен құжаттар облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы. 

Ерлік ескірмейді

Музейдегі «1941-1945 жыл­дардағы Ұлы Отан со­ғысы» экспозициялық залы Жеңіс­тің 65 жылдығында жасақ­талған. Онда Брест қамалы, Мәскеу, Сталинград, Ленин­градты қорғауға қатыс­қан атыраулықтар, соғыс кезіндегі Атырау (Гурьев) эвакогоспитальдары мен жаяу әскер училищесі, атырау­лық Кеңес Одағының Батырлары, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова, «Даңқ» орденінің толық иегерлері, соғыс арда­герлеріне арналған жәді­гер­лер бар. Әр сөреде соғыс жылдары әскерлердің ерліктері жайлы құжаттар қойылған.

1941 жылдың 1 шілдесінен бас­тап қаладағы 16 мен 50 жас­тың арасындағы ер адам­­­дар­ды  жаппай жауынгерлік қи­мы­л­ға үйрету басталып, 12 та­мызға дейін әскери дайын­дық курсына 25 668 адам тартылған, олардың ара­сында 577 кіші медбикелер, телеграфистер, радис­тер және санинструкторлар бол­ды. Соғыстың алғашқы екі жылында Аты­рауда 2789 ат­қыш, 1156 сани­тарлық дружи­на, 127 танк истребитель, 356 пулеметші, 156 медсест­ра, 40 радист да-
йындалды. Му­зей қорындағы Владимир Ла­дей­щиковтың кітабында Ста­линград қала­сын қорғау – соғыстың ең ауыр да шешуші кезеңі бол­ғаны жайлы айтылады. Сталинград қаласын азат етуге Атырау кіші командир­лер дайындайтын әскери оқу орындарынан 13 мың жауынгер оқытылды. «Жау жауынгерлері Атыраудан 150-160 шақырымдай жерде тұрған. Гитлер Сталинградты алумен бірге мұнайға бай өлке Атырауды да алуды жос­парлады. Осыны сезген Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті 1942 жылдың тамыз айында құпия жарлық шы­ғарып, Атырау өңірін соғыс жағ­дайында деп жариялады. Сол жылдың қыркүйек айы­нан бастап Атырау қаласы толық­тай қараңғыланып, түн­де көшелерде, үйлердің терезелерінен жарық көрсе­ту­ге тыйым салынды. Экспо­зи­циялық залда бір сөре осы шайқас туралы құжат­тар­ға толы», – дейді музей дирек­то­рының орынбасары Сая Ғазимова.

Ел басына күн туған сұра­пыл кезеңде соғысқа қаты­сып, ерен ерлігімен ерекше­ленген Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова, 10 Кеңес Одағының батыры мен «Даңқ» орденінің толық ие­ге­р-
ле­рінің өмір өткелдері, өш­пес іздері туралы әр кезеңде жазылған зерттеу еңбектері, әдеби шығармалар, естеліктер мен жәдігерлер сыр шертеді.

Отан үшін от кешкен ба­тыр­лардың есімдерін өс­келең ұрпақ жадында мәңгі қалдыру мақсатында жасалған залға келушілер көп қызығушылық танытады. Музейде халық қаһарманы Хиуаз Доспанова туралы түсірілген «Жеңіс тарихы» фильмі мамыр айы бойы көрсетіледі. Бұл да ба­тыр­ларға деген құрмет, өйт­кені ерлік ешқашан ұмы­тыл­майды.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ