Қазақстан • 10 Мамыр, 2018

Балаларды өрттен құтқарған ефрейтор

580 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әскери қызметші Ғалымжан Әлеуханов ержүректігін көрсетіп, елдің алғысына бөленді. Ойламаған жерден өртеніп жатқан үйге шатыр арқылы енген ефрейтор екі бірдей балдырғанды өлім аузынан аман алып қалды.

Балаларды өрттен құтқарған ефрейтор

Ғалымжан Мейірханұлы Кентау қаласындағы №4 Ата­түрік атындағы мектеп-ли­­цейінің түлегі. Мамандығы инже­нер. Бүгінде Алматы қа­ла­сын­дағы Әскери-ша­буыл­дау­шы десанттық бөлі­мін­де келісімшарт бойынша жұмыс істейді.

Әскери қызметші үйге қай­тып келе жатқанда көп қабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабаты жанып жатқанын көреді. Улап-шулап жатқан жұрт. Абыр-сабыр халық. Ал Ғалымжан өрт сөн­ді­рушілерді күтпей-ақ асы­ғыс көмекке ұмтылды. Өйт­кені уақыт тар. Өртенген үйде адам болса көмек қолын созу қажет деген ой бойын шы­мырлатты. Жас жігіттің жыл­дам қимылдағаны да сол. Қазір өрт сатысымен жо­ға­рғы қабатқа көтеріліп, ман­сардтық шатырдан төмен түс­у керек деп ойлады. Ол есік­­тен ішке еніп, түтін тұм­ша­ланған бөлмелерді аралап шық­қанда ес-түссіз жатқан екі балдырғанды бір-бірлеп көтерген күйі сыртқа қарай ұмтылды. Тілсіз жау қарайтын түрі көрінбейді. Асықпаса болмайды. Түпкі бөлмеде әл­сіреп, үнсіз жатқан қос сәби­ді тез көтеріп алады да сырт­қа шығарады. Осылайша де-
­са­нт­тық шабуылдау-әскер­ле­ріне қарасты 61993 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, ефрейтор Ғалымжан Әлеу­ха­нов өрт ішінде қалған балдыр­ған­дарға өмір сыйлады.

Арада уақыт өтті, бәрі де ұмы­тыл­ған да еді. Ол бұл оқи­ға­ны еске алуға да ыңғай­сыз­данады.

– Менің жасағаным ба­тыр­лық емес қой, – деп жымия­ды Ғалымжан. – Кез келген адам жасауға тиісті іс емес пе? Әскери немесе қай саладағы адам болсын ма­ңыз­ды емес. Бастысы, қиын жағ­дайда қол ұшын созу парызың деп ойлаймын. Ең алдымен 61993 әскери бөлімнің ко­ман­дирі подполковник Болат Дүйсембаевқа бөлімде өткі­зілетін сабақтары үшін шын көңілден алғысымды біл­дір­гім келеді. Солардың ар­қа­сында барлық десантшы жауын­герлер екпінді істердің алдыңғы сапында жүргеніне қуанамын. Бұл маған кәдеге жара­ды деп ойлаймын.

– Біз Ғалымжанмен мақ­та­­намыз, – дейді Кентау қа­ла­­­лық Жастар ресурстық ор­­та­­лығының директоры Қа­нат Бек­метов. – Оның ер­лі­гі жас­тарға қашанда үлгі әрі өне­ге бо­лары анық. Жас­тар да ер­жү­рек Ғалымжан Мейір­хан­ұлын­дай болғысы келетіні біз үшін де мақтаныш. Лайым, өрен­деріміз өнегелі істерімен өсе берсін. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының же­­ңім­пазы атануымен құт­тық­­­­­таймыз. Мерейің өсе бер­сін, өрт кезінде жан­қия­р­лықпен ерлік жасап, өз өмі­рі­ңізді тәуе­келге тігіп, балдыр­ған­­дар­дың өмірін сақтап қал-ғ­а­н бей­біт күннің батыры!

балаларды өрттен құт­қар­ған сарбаз Ғалымжан Әлеу­ха­нов жуырда Ақордада «Ер­­лігі үшін» медалімен ма­р­а­­­пат­талды. Бұл жөнінде Елба­сы «Бейбіт өмір­де басын қатерге тігіп, екі баланы өрт­­­­тен құтқарған Ға­лым­жан Әлеу­­­­ханов ерен ерлік көр­сет­­ті. Оның бұл ісі бар­ша жұ­рт­­қа үлгі. Сол себепті «Ер­­лігі үшін» ме­­да­лімен ма­ра­пат­­тала­ды», – деді.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ