Үкімет • 10 Мамыр, 2018

Бақыт Сұлтанов ЕҚҚДБ-нің Басқарушылар кеңесінің XXVII жыл сайынғы отырысына қатысты

321 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Иорданияда 2018 жылдың 8-10 мамырында өткен Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) Басқарушылар кеңесінің XXVII жыл сайынғы отырысына қатысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бақыт Сұлтанов ЕҚҚДБ-нің Басқарушылар кеңесінің XXVII жыл сайынғы отырысына қатысты

Министр Банктің Басқарушылар Кеңесінде Қазақстан Республикасының атынан басқарушы саналады.

Отырыс барысында ЕҚҚДБ операциялық қызметі, оның ішінде Орталық Азия өңіріндегі мәселелер, 2017 жылы қол жеткізілген нәтижелер, 2025 жылға дейінгі даму перспективалары қаралды.

Министрдің ЕҚҚДБ президенті Сума Чакрабартимен кездесуі барысында Банктің Қазақстандағы негізгі жобалары талқыланды, мемлекеттік мүлікті бәсекелі ортаға беру мәселесіне аса көңіл бөлінді.

Банк президенті ЕҚҚДБ-ның 2019 жылдың соңына дейін шолуда Қазақстанға ерекше назар аудара отырып, операциялар жүргізілетін елдерде Бaнктің қызметін нығайту тәсілдеріне құрылымдық талдау жүргізуді жоспарлап отырғаны туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, Банк 2019 жылы қаңтарда өзінің капиталдық ресурстарын пайдалану арқылы Сахарадан оңтүстікке қарай Африкада өз қызметінің гегорафиялық ауқымын біртіндеп кеңейту жөніндегі зерттеуін бастайды. Бұл жұмыс ЕҚҚДБ-ның 2021–2025 жылдарға арналған Стратегиясын қалыптастыру мақсатында жүргізілуде.

Әдеттегідей, осы күндері Банк мемлекеттік құрылымдар үшін де, сондай-ақ бизнес орта мен азаматтық қоғам үшін де Іскерлік форум өткізуде. Биыл аталған Форум «Экономикаға серпін беру» деген ұранмен өтті.

Форумның «Бір белдеу – бір жол» бастамасы – ЕҚҚДБ инвестициялайтын елдер үшін оның маңызы» атты сесиясының басты спикері Бақыт Сұлтанов «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жобасы арқылы жаңа «Еуразиялық көпір» құрылады және «Қытай — Орталық Азия — Батыс Азия» экономикалық дәлізі одан әрі дамитынын атап өтті.

«Қаржылық орталықтар реформалардың және экономикалық дамудың қозғаушы күші ретінде: АХҚО-ның рөлі» сессиясының қатысушылары АХҚО секілді қаржылық орталықтар өсімді ынталандыру үшін инвестицияларға қалай  әсер ете алатыны жайлы мәселелерді, сондай-ақ, корпоративтік басқаруда, біліктілікте және «жасыл инновацияларда» стандарттарды орнатудың қажеттілігін қарастырды.