Үкімет • 10 Мамыр, 2018

Бақытжан Сағынтаев Өзбекстан елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесу өткізді.

Бақытжан Сағынтаев Өзбекстан елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті

Кездесу барысында Қазақстан-Өзбекстан қатынастарының кең ауқымын нығайту және дамыту, сауда-экономикалық, өңірлік және шекара маңы ынтымақтастығын кеңейту, көлік саласындағы өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру, ғылым, білім, мәдениет, өнер, туризм және спорт саласындағы өзара іс-қимылды жандандыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Қазақстандағы Өзбекстан жылы және екі ел арасындағы өңіраралық ынтымақтастықтың бірінші Форумы аясында шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды.

Бақытжан Сағынтаев Саидикрам Ниязходжаевты Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елші лауазымына тағайындалуымен құттықтап, оның тәжірибесі, білімі мен кәсіпқойлығы екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.