Жазғы спорт • 10 Мамыр, 2018

Атырауда меценаттардың қолдауымен велоспорт мектебі ашылды

433 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының меценаттары қайырымдылық аукционы барысында балалар веломектебіне қажет жабдықтар алу үшін 35 млн теңге сыйға тартты. Жоба мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылды.

Атырауда меценаттардың қолдауымен велоспорт мектебі ашылды

Веломектеп балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі базасында құрылған, онда 10-16 жас аралығындағы 80 бала велосипед шеберлігін меңгереді. Айта кетейік, бұл спорт түрі бойынша секция Атырауда алғаш рет ашылып отыр.

Атақты спортшылардың құралдары мен коллекциялық велосипедтер аукционы Bike Ride Atyrau - 2018 бірінші қайырымдылық веложарысы барысында өтті.

Жалпы Атырау облысында мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық сақаласын жүзеге асыру аясында меценаттардың қолдауымен 1200 орындық 6 балабақша, 2500 орындық 8 спорт кешені салынды. «Ретропарк», «Сазанқұрақ», «Атамекен», «Жеңіс» демалыс саябақтары да пайдалануға берілді.