Кездесуге кепілгер мемлекеттер – Иран, Ресей және Түркиядан басқа Сирия үкіметі мен оппозициялық топтардың делегациялары, сондай-ақ БҰҰ және бақылаушылар ретінде АҚШ пен Иордания шақырылды.
Кепілгер елдерден түскен ақпаратқа сәйкес, Астанадағы келіссөздер барысында тараптар Сириядағы, оның ішінде деэскалация аймақтарындағы қазіргі жағдайды қарастыруға, гуманитарлық мәселелерді және сенімді нығайту шараларын талқылауға, сондай-ақ осы араб еліндегі дағдарысты реттеу үдерісін ілгерілету бойынша келесі қадамдарды үйлестіруге ниетті.
Екіжақты және көпжақты консультацияларды 14 мамырда, ал пленарлық отырысты 15 мамырда өткізу жоспарлануда.