Аймақтар • 11 Мамыр, 2018

Жеңісті жақындатқандарға – 180 миллион теңге

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіс майдан мен тыл­дың өзара тығыз байланысы мен өзара тұтастығы­ның арқасында келді деседі соғыс тарихын зерттеу­ші ғалымдар. Бұған келісуге әб­ден болады. 

Жеңісті жақындатқандарға – 180 миллион теңге

Бүгінгі күні же­ңісті жақындатқан жауынгерлер қатары селдіреп барады. Миллионға жуық тұрғыны бар Ақтөбе облысында қазіргі кезде Екінші дүниежүзілік соғыстың 63 ардагері мен мүгедегі тұрады. Жеңістің 73 жылдығы қар­саңында Ақтөбе облысының әкімдігі мен мәс­лихатының ортақ шешіміне сәйкес олар­дың әрқайсысына 300 мың теңге көлемінде материал­дық көмек берілді. Сондай-ақ с­оғысқа қатысушылармен те­ңес­тірілген тұлғаларға және тыл ардагерлеріне де қаржылық тұрғыдан тиісті қолдау шаралары көрсетілді. Өңірде мұндай арнайы топқа енгізілген аға буын өкілдерінің жалпы саны 8000-ға жуық екенін ескерсек, қолға алынған шаралардың қомақтылығы мен ауқымдылығы айқындала түседі. Сонымен бірге осыдан 73 жыл бұрын соғыс өрті шарпыған Еуропа ел­дерінен, соның ішінен Германиядан жеңіспен орал­ған майдан­герлердің бүгінгі көзі тірі жесірлері де жергілікті атқару­шы билік өкілдері назарынан тыс қалған жоқ. Оларға да бел­гілі бір мөлшерде сыйақы тағайындалды.

Тұтастай алғанда жеңіске өз үлестерін қосқан ақтөбелік аға ұрпақ өкілдеріне облыс бюджетінен 180 миллион 600 мың теңге қаражат бөлінді. 

Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ

Соңғы жаңалықтар

Міндет мінсіз орындалса игі

Саясат • Бүгін, 08:10