Министр Ерлан Сағадиев есеп беру кездесуінде залда 800 жуық адам болды, ата-алар және педагогикалық қауым, үкіметтік емес ұйымдар, білім саласы қызметкерлерінің кәсіптік одақтарының өкілдері мен педагогикалық еңбек ардагерлері білім беру саласының өзекті мәселелерін көтерді. Бейне конференциялық байланыс 5 аймақпен қамтамасыз етілді. Кездесу Bnews ақпараттық порталы, ҚР БҒМ «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы және «Хабар-24» телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Халықтан келіп түсетін қосымша сауалдар үшін зал алдында холлда барлық сұрақтар тіркеліп отырған «Министрге сұрақ қой – Задай вопрос министру» ақпараттық үстелінің жұмысы ұйымдастырылды.
Есеп беру кездесуінің қорытындысын хабарлаған соң, БҒМ басшысы осы жылдың мамыр-маусым айларында өтетін бірқатар іс-шараларды жариялады. ҚР БҒМ бастамасымен бірінші рет 2017 жылы өткізілген Жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы осы жылы да жарияланды. «Соңғы уақытта мектеп педагогтары ата-аналардың мектеп өміріне әлсіз қатысуын айтады. Ата-аналар жиналысына ата-аналардың 10-20 пайызы ғана қатысады. Өткен жылы Жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы кең жарияланып, министрлік жұмыс берушілерге ата-аналарды жұмыстан ертерек жіберу өтінішін білдіргенде мектеп жиналысына ата-аналардың 80 пайызы келді» - деді Ерлан Сағадиев. Министр ата-аналарды осы жылы да белсенділік танытуға шақырды. Осы жылы жиналыс 15 мамыр Халықаралық Отбасы күні өтеді. Ерлан Сағадиев 1 маусымда өтетін шеру туралы да еске салып кетті. ҚР БҒМ бастамасы бойынша және жергілікті атқарушы органдардың қолдауы арқылы 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні республикалық балалар және жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтеді. Алдыңғы жылға қарағанда, осы жылы Шеруді өткізу географиясы кеңейтіледі. Еліміздің барлық елді-мекендерінде, ірі-кіші ауылдардың және қалалардың орталық көшелерінен бір уақытта салтанатты маршпен 500 мыңнан астам оқушы, олардың ата-аналары және педагогтар өтеді. Шерудің дайындығына оқушылар, мектеп мұғалімдері, колледждер мен ЖОО оқытушылары, ата-аналар және мәдениет пен спорт өкілдері белсенді ат салысып жатыр.