Ескі ғимарат үш айда күрделі жөндеуден шықты. Жаңа емхана заманауи құралдармен жабдықталып, кешенді медициналық ақпарат жүйесі іске қосылды. Жөндеуге жұмсалған қаражаттарды облыстық аурухана өз бюджетінен бөлді.
«Витреорентильдік хирургия - офтальмологиялық хирургияның күрделі тармағы. Отаның осы түрі қазір тек Астана мен Алматыда жасалады. Осыған байланысты науқастар ота жасату кезегін бірнеше айлап күтеді. Біздің дәрігерлеріміз осындай ота жасауды меңгерсе, ОҚО және оған таяу өңірлердің тұрғындарына дер кезінде сапалы офтальмологиялық көмек көрсету мүмкіндігі туады», - дейді денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Бұдан тыс, облыстық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімінде жаңа 3Н жүйесі енгізілді. Жүйеге сәйкес, ауруханаға келген науқастар қызыл, сары және жасыл деп аталатын санаттарға бөлініп, оларға шұғыл медициналық көмек көрсету тәртібі белгіленіп отырады.