Тынымсыз іздестіру шараларын жүргізу барысында 10 жауынгердің сүйек қаңқалары табылып, жер қойнына тапсырылды.
Аталмыш бірлестік «Өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу және әскери патриоттық клубтарды қолдау» бағдарламасына да белсене қатысып келеді.
«Осы жолғы экспедициямыз да сәтті аяқталды. 9 адамнан тұратын жасақ Парфинское ауданы маңайында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, бірнеше қазақстандық жауынгердің мүрделерін тапты. Солардың бірі – Ақмола облысының тумасы Максим Серый. Оның 1917 жылы туғаны, пулеметші болғаны, фашистермен шайқас кезінде көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталғаны анықталды.
Экспедицияның ең жас мүшелерінің бірі Дмитрий Фролков «Саланг» әскери-патриоттық клубының құрамына 2013 жылы қабылданыпты. Биыл «Зерде вахтасына» бірінші рет қатысыпты. Бұл жолғы экспедицияға ТМД елдерінен 26 жасақ келіп, 418 жауынгердің сүйектері табылды, дейді ол.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»