Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК қызметкерлері «Біз таза астана үшін!» қалалық сенбілік аясында саябаққа 300 көшет отырғызды. Бұл шараға 30 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Осылайша ұлттық компания ЭКСПО аумағында елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін барлық жағдайды жасап отыр, сондай-ақ Астананың жасанды жасыл белдеуін дамытуға айтарлықтай үлес қосады.
ЭКСПО саябағы Тәуелсіздік Монументі жағынан жалғастырылады. Жақын арада уақытша тұрғызылған ғимараттар орнына Дю Солей циркі, Шелл павильоны орнына желекжол және мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған бірегей ойын алаңы, отты шоу элементтері бар субұрқақ, қоғамдық тамақтану бекеттері ашылады.
Бұдан өзге «Астана ЭКСПО-2017» ҰК-ы елорданың 20 жылдығын мерекелеуге және жаз, күз маусымында мәдени-ойын-сауыққа толы бағдарлама әзірлеп жатыр.