Турнир «Шелл Қазақстан» компаниясы мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады. Жарыс 2018 жылдың 9 маусымында «Астана Арена» стадионында өтеді.
«ELORDA-2018» турнирі БАҚ өкілдері мен мұнай-газ саласы мамандары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Турнир – қайырымдылық іс-шарасы. Мұнай-газ саласының өкілдері жарысқа қатысу үшін жарна қосады. Мұнай-газ компанияларынан жиналған қаражат 2019 жылы наурызда БАӘ-де өтетін Дүниежүзілік Жазғы Олимпиада ойындарына мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерден құралған шағын футболдан Қазақстанның жастар құрамасының дайындығы үшін «Спешиал Олимпикс Қазақстан» ұйымына аударылады.
БАҚ өкілдері мен мұнай-газ саласы мамандары арасындағы бәсекені «Elorda Aqparat» медиакомпаниясы ұйымдастырып отыр.