Үш күн ішінде ақтөбеліктер әншілердің өнерін, үздік қойылымдар мен экспозицияны тамашалайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.
Аймақтағы елорда күндерін «Астанадан ақ тілек» мерекелік концертімен ашады. Бүгін сағат 17.00-де «Өнер орталығы» концерт залында ақтөбеліктер үшін «Сарыарқа» халық әндері ансамблі, «Шалқыма» халық биі, эстрадалық би, классикалық, эстрада және халық вокалының солистері өнер көрсетеді.
Шығармашылық кештің шырайын еліміздің ең сұранысқа ие әзілкеші Тұрсынбек Қабатов аша түспек. Онымен бірге сахнада отандық эстрада жұлдыздары да мерекенің жандандыра түседі. Сахнада Бейбіт Қорған, Клара Төленбаева, Ринат Малцагов, Қайрат Баекенов және «Формат» тобы, Арт-Домбыра жобасы өздерінің хит әндерін шырқайды.
Келесі күні ақтөбеліктер оларды Open air форматында өтетін кеште тағы көре алады. Көл-көсір шаттық пен жарқын әзілдер, нон-стоп музыкасы өз қонақтарын күтеді. Онда көрермендер кешкісін еліміздің бас қаласының 20 жылдығына арналған концертте танымал артистерді тікелей сахнадан тамашалайды. Ашық аспан астында «Фонограммасы аз – әуені көп» атты ұранмен өтетін концертте жүргізуші тек мерекелік атмосфераны ғана емес, жас астананың қалыптасу жолдарын да еске салып тұрады. Дискотека форматында өтетін концерт 13 мамыр сағат 20:00-ден 23:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің Орталық саябағында өтеді.
12-13 мамыр күндері Т. Аханов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры «Жұт» драмасы мен «Қызыл орамалды шынарым» қойылымын ұсынады. Башқұрт Республикасының қоғам қайраткері, режиссер А. Абушахмановтың «Жұт» спектаклін драматург О. Жанайдарова астана театры үшін лайықтап қойды.
Гастролде тағы бір Ш. Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» атты шығарманың желісі бойынша театрдің көркемдік жетекшісі Талғат Теменовтің спектаклі ұсынылады.
Мәдени бағдарламаны бас қаладан келген қонақтар Астана қаласының Қазақ оркестрі мемлекеттік академиялық филармониясының «Елордадан елге сәлем» атты концерті толықтыра түспек. Аталмыш концерт 13 мамыр күні сағат 17.00-де «Өнер орталығының» концерт залында болады. Оркестрмен бірге сахнада «Шалқыма» би ансамблі, эстрада, халық және классикалық вокалдың солистері өнер көрсетеді.
Ақтөбедегі гастролдің ең шешуші сәті «Ақ тілекпен, Астана!» атты Тәуелсіздік сарайы дайындаған экспозициясы болмақ. Көрме 12-нен 14 мамырға дейін жұмыс істейді, оны «Өнер орталығы» концерт залынан таңғы сағат 10-нан кешкі 20:00-дейін тамашалауға болады, кіру тегін.
Ұйымдастырушылар отандық суретшілердің ең үздік 100-ге жуық жұмысын жинады. Көрмеде Өмірбек Тілеулиевтің қазақ халқының өткені туралы сыр шертетін «Елім-ай» сериясын да ұсынады.