Қазақстан • 13 Мамыр, 2018

Астанадағы сенбілік. Кең ауқымды шараның қорытындысы қандай?

430 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елорда тұрғындары ағаш көшеттерін отырғызып, қаланың әр ауданындағы алаңдар мен аулаларды қалыпқа келтірді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Астанадағы сенбілік. Кең ауқымды шараның қорытындысы қандай?

«Біз таза елорданы қолдаймыз!» жалпықалалық сенбілігі кезінде аудан әкімдері аппараттары ағаштарды отырғызу, оларды ақтау, бекітілген аумақтарды, саябақтар мен гүл бақтарын тазарту, белгіленбеген жерде қалыптасқан қоқыс орындарын жою жұмыстарын жүргізді. 

Экологиялық шараға қаланың 110 мыңнан астам тұрғыны мен 4 729 кәсіпорнының қызметкелерлері қатысты. Олардың 57-сі – жоғары және орта-кәсіби оқу орындары, 146-сы – мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелер, 74-і – денсаулық ұйымдары, 166-сы – мемлекеттік мекемелер, ведомстволар мен ұлттық компаниялар. Науқанға жүк тиегіштердің 161, жүк көліктерінің 372 бірлігі мен басқа да мамандандырылған техника жұмылдырылды. 

Акция аясында жалпы ауданы 3,9 млн шаршы метрді құрайтын саябақтар мен үл бақтарының аумақтары жиналып, қызыл тал, татар үйеңкісі, қарағай, шырша, қайың, емен, терек, шетен сияқты ағаштардың 18094 көшеті, 3000 бұта егілді. 

«Алматы» ауданында сенбілікке 12080 адам мен 459 мекеменің қызметкерлері шықты. Мамандандырылған техниканың 143 бірлігі жұмылдырылды. Олардың 105-і – жүк аударғыш көліктер, 38-і – жүк тиегіштер. Мұнда  4 518 ағаш отырғызылса, 40 000 ағаш ақталды. 

«Байқоңыр» ауданындағы тазалау жұмыстарына 13 500 адам мен 1 665 кәсіпорынның қызметкерлері қатысты. Жұмылдырылған 68 мамандандырылған техниканың 51-і – жүк аударғыштар, 17-сі – жүк тиегіштер. Ағаштардың 11 106, бұталардың 3000 көшеті отырғызылса, алты мыңнан астам ағаш ақталған екен. 

Ал «Есіл» ауданында сенбілікке 16800 адам, 680 кәсіпорынның қызметкерлері келді. Арнайы техниканың 132, яғни, жүк тиегіштердің 95, 37 жүк тиегіштердің бірлігі жұмылдырылды. Ағаштардың 11 106, бұталардың үш мыңнан астам көшеті егілді. Ақталған ағаштардың саны – 6000. 

«Сарыарқа» ауданында өткен акцияға 68 251 адам мен 1 925 кәсіпорынның қызметкерлері белсене араласты. Мамандандырылған техниканың 190 бірлігі жұмылдырылып, 2070 ағаш егілді. Қатысушылар 1040 ағашты ақтады. 

Бұдан бөлек, «Сарыарқа» ауданында экологиялық айлық аясында емен, алма, шие және бөртегүл аллеялары пайда болды. Осылайша аудан аумағындағы Шевченко көшесінде 80 емен ағашы, Кеңесары көшесінде шие мен алма талдары, Шевченко көшесі мен Алая даңғылының аралығында жатқан Сарыарқа даңғылының бойында бөртегүлдің 100 бұтасы отырғызылды. 

Қала сыртына қалдықтардың 5 мыңға тарта тоннасы шығарылды.