Екінші орынға Fuego («Жалын») әнін шырқаған Кипр өкілі Элени Фурейра тұрақтаса, үздік үштікті Nobody But You («Сенен басқа ешкім емес») композициясымен австриялық Сезар Сэмпсон түйіндеді.
25 жастағы Нетта Барзилай Eуровижн байқауына Израильдегі музыкалық реалти-шоудағы жеңісінен кейін жолдама алған. Eurovision ережесіне сәйкес келесі байқау жеңімпаздың елінде өткізіледі.
Айта кетейік, Eurovision-2018 8-12 мамыр аралығында Португалия астанасы - Лиссабонда өтті.