Бұған медицина саласына енгізілген заманауи технология және шетелдік ғалымдармен тығыз жұмыс істеудің арқасында қол жетіп отыр. Мұндай хирургиялық емдік шаралары созылмалы жүрек жетіспеушілігі кезінде аса қажет. Бүгінде елімізде жүрекке донор тапшы.
Мамандардың айтуынша, дәл осы операциялар науқасқа донор табылғанға дейін өмір сүруіне мүмкіндік береді. Қазір осы тақырыпта қалада халықаралық конференция өтіп жатыр. Оған елімізбен қатар Жапония, Түркия, Үндістан, Пәкістан мемлекеттерінің үздік деген кардиолог мамандары қатысуда.
Айта кету керек, бүгінде өңірде 250-ге жуық адам кардиоесепте тұр.
«Жасанды жүрек жұмыс істеп тұрған 3-5 жылдың ішінде донор табылып қалса адамның жүрегіне алмастыруға болады. Бұл адамдар кәдімгідей жүріп, далаға шығып, жеңіл жұмыстарды атқаруына мүмкіндік береді. Тіпті машина, мотоцикл жүргізіп жүргендері де бар. Бұл үлкен жетістік деп ойлаймыз. Әлі де алдыға қойған мақсат, істейтін істер көп», - дейді Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының директоры Сейітхан Жошыбаев.