Онда Қыздар университетінің құрылу, даму және болашағын қамтыған кітаптар, танымдық кітапшалар мен кәдесыйлар қойылған. Бұл өз кезегінде америкалық студенттерге педагогикалық оқу орны туралы мол ақпарат беруге септеспек.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бұрышы Миссисипи Университетінің алғашқы ректоры, доктор Джеймс Герберт Уайстың кітапханасынан орын алған.
– Бұл бастама шетелдіктерге Қыздар Университеті туралы толық әрі нақты ақпарат алуына мүмкіндік туғызады. Бір бұл ғана емес. Көпшілік назарына ұсынылған кітаптар мен бұйымдар арқылы шетелдік студенттер қазақ халқы жайында тың деректерге қол жеткізбек. Біз де сапар аясында іргелі оқу ордасының студенттеріне өз университетіміздің танымдық ақпараттары жазылған анықтамалық кітапшаларды тараттық. Осындай игілікті іске ұйытқы болып, қолдау көрсеткені үшін университет кітапханасының директоры Хэндерсон мырза мен профессор Кэти Голденге шексіз ризашылығымызды білдіреміз, – дейді Арнайы және әлеуметтік педагогика кафедрасының оқытушысы Ф. Мырзаханова.