Қазақстан • 15 Мамыр, 2018

Астанада бес мыңға жуық бос жұмыс орны ұсынылды

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда қызмет көрсетушілер, қауіпсіздік, сауда, қоғамдық тамақтану, күзет, мектепке дейінгі білім саласы мамандары сұранысқа ие, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада бес мыңға жуық бос жұмыс орны ұсынылды

Астана қаласы жұмыспен қамту орталығының көмегіне жыл басынан жұмысқа тұру мәселесі бойынша 6 481 адам жүгінді. Олардың 2 652-сі жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды. Жұмыспен қамтылғандардың 253-і – мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Нақтырақ айтқанда, тұрақты жұмыс орындарына 1 353 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 104 адам орналасса, 929 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. Оқу орындарының 279 түлегі жастар тәжірибесі бойынша тағылымдамадан өтуде.

2018 жылы қысқа мерзімді кәсіби курстармен 700 адам қамтылады деп жоспарланған. Аспаз, электр жөндеуші, электр-газ дәнекерлеуші, тігінші, шаштараз, кран машинисті сияқты мамандықтар бойынша 135 адам курстарға жіберілді. 

Астана қаласы бойынша www.enbek.kz порталында 2 265 жұмыс беруші ұсынған 4 985 бос жұмыс орны тіркелген.