Елбасы шетелдік жетекші сарапшылармен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев ХІ Астана экономикалық форумына келген шетелдік жетекші сарапшылармен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
17.05.2018 2871
2

Дөңгелек үстел форматында өткен кездесу барысында экономикалық дамудың және сауда қатынастарының жаһандық үрдістері, «жасыл» экономикаға көшу, баламалы энергия көздерін пайдалану, Қазақстанның көлік-транзит әлеуетін дамыту және экономиканы цифрландыру мәселелері талқыланды.

Кездесуде Эстонияның бұрынғы Президенті Тоомас Ильвес ұлттық экономиканы цифрландыру тәжірибесі жөнінде айтып, цифрлы экономикаға тиімді көшу үшін саяси ерік-жігердің болуы маңызды екеніне тоқталды. Т.Ильвес цифрлы қызметтер көрсетуді дамытудың, желі қолданушыларының цифрлы сауаттылығын арттырудың және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Дүниежүзілік сауда ұйымы бас дирек­торының орынбасары Алан Вольф халықаралық электронды сауда жүйесін дамытудың қазіргі ахуалы мен перспективалары жөнінде әңгімеледі.

Еуропа қайта құру және даму банкінің бірінші вице-президенті Юрген Ригтеринк Қазақстан экономикасының өсімін және оның қайта құрылып келе жатқанын атап өтіп, еліміздің көлік-транзит әлеуетін, агроөнеркәсіп кешені мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүм­кін­діктерін пайдаланудың маңызды екенін айтты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Сауда және даму жөніндегі конференциясының Бас хатшысы Мухиса Китуйи Қазақстандағы кедендік декларациялаудың жеңілдетілуі есебінен қол жеткізілген оң нәтижелерге тоқталды.

Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлы­ғының лауреаты Раджендра Кумар Пачаури климат өзгерістері салдарынан туындаған проблемаларға тоқталып, «жасыл» технологияларды дамытудың және кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Раджендра Кумар Пачаури Астанада өткен халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің тақырыбы мен оның нақты нәтижелерінің өзектілігіне назар аударды.

Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлы­ғының лауреаты Рае Квон Чунг та «жасыл» экономикаға көшудің қажеттігін айтып, баламалы энергия көздерін қолданудың жағымды тұстарын атап өтті.

«DP World» компаниясы басқар­ма­сының төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайем логистикалық жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсуге мүдделілік танытты. Сұлтан Ахмед бин Сулайем Ақтау қаласындағы порт пен «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы орталығын пайдаланудың тиімділігі жөнінде айтты.

Доктор Энтони Таунсенд «ақылды қалаларды» дамыту және қалаларды басқару үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану жөніндегі ойын ортаға салды.

Әлемнің жетекші сарапшыларының баяндамалары тыңдалған соң Қазақстан Президенті жиынға қатысушыларға Астана экономикалық форумына қатыс­қаны және дөңгелек үстел отырысында айтқан идеялары үшін ризашылық білдірді.

– Еуропада Давос форумы, бізде Астана экономикалық форумы, ал Тынық мұхитының жағалауында Боао Азия форумы бар. Бұл форумдар бір ғана мақсатты – қалыптасқан ахуалдан шығу жолын іздеуді көздеп отыр. Біз әлемдік форумдардың бәрімен ынтымақтастық орнатып, мемлекеттер мен халықтардың игілігі үшін жұмыс істегіміз келеді. Бұл – даму, ілгерілеу және түсіністік мүм­кіндігі, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысқан сарапшылардың бәрі Астана эконо­микалық форумының беделін нығай­туға және оны дамытуға үлес қос­қанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның даму тарихына тоқталып, елімізде этносаралық және ұлтаралық келісімді сақтау және нығайту жолында атқарылған жұмыс тәжірибесі жөнінде айтты.

– Біз Конституцияда, заңнамалық деңгейде және іс жүзінде барлық азаматтар құқықтарының теңдігін қамта­масыз еттік. Қазақстанда барлық діни конфессиялардың өкілдері тұрады. Оларға діни наным-сенім бостандығы берілген. Дәстүрлі діндердің әлемдік көшбасшылары өздерінің съездерін дәл осы Астанада өткізуге шешім қабылдады. Биыл кезекті VІ съезд өткелі отыр, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның барлық көршілес елдермен достық және әріптестік қарым-қатынас орнатқанын атап өтті.
Мемлекет басшысы еліміздегі барлық азаматтардың тұрмысын жақсартуға бағытталған шаралардың арқасында біздің қоғамда тұрақтылық пен келісімге қол жеткізілгенін айтты.

– Тәуелсіздік жылдарында экономикамыз 25 есе өсті. Жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім 12 мың АҚШ долларына жетті. Енді Ұлттық қорда жинақталған қаржының арқасында инфрақұрылымдық және индустриялық даму, сондай-ақ білім беру мен денсаулық сақтау салаларына арналған бағдарламаларды жүзеге асы­рып келеміз. Елімізде өмір сүру ұзақ­тығы 7 жылға ұзарды. Біздің жас ұрпа­ғы­мыз білімді және өршіл мақсатпен бола­шақ­қа көз тігеді, – деді Қазақстан Президенті.

Соңында Қазақстан Президенті Ас­тана экономикалық форумына қатысу­шы­ларға тағы да ризашылық білдіріп, олардың ұсыныстары мен идеялары елімізді одан әрі дамыту үшін маңызды екенін атап өтті.
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.10.2018

Тіл меңгерудің өзекті мәселелері талқыланды

21.10.2018

Ұлттық құндылықтардың иесі – жастар

21.10.2018

«Қазпоштаның» 25 жылдығына орай «Жазылушылар күні» ұйымдастырылды

21.10.2018

Қостанайда есірткі сатушылардың көшедегі жарнамасы өшірілді

21.10.2018

Қостанайда «102» операторлары үшін еліміздегі тұңғыш скрипт жасалады

21.10.2018

Қостанайда Абай Әмірхановты еске алуға арналған фестиваль өтті

21.10.2018

Алматыда үйінен шығып кеткен журналист келіншектің мәйіті табылды

21.10.2018

Солтүстік Қазақстанда республикалық ақпараттық-насихат тобы Жолдау талаптарын түсіндірді

21.10.2018

Дәрігер телефонмен кеңес береді

21.10.2018

Мәдениет министрі жолдау бағыттарын түсіндірді

21.10.2018

Солтүстік Қазақстанда дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

21.10.2018

Астанада Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті

21.10.2018

Қорабай Есеновтің «Мәңгілік шырақ» атты мерейтойлық концерті өтті

21.10.2018

Туризмді дамыту жайы халықаралық форумда талқыланды

21.10.2018

Солтүстік Қазақстанда қазақ күресінен Батыр Баян атындағы республикалық турнир өтті

21.10.2018

Музейге қатысты мәселе талқыланды

21.10.2018

Қостанайда Қайнекей Жармағамбетовтың 100 жылдығы аталып өтті

21.10.2018

Астанада халықаралық ақындар айтысы өтіп жатыр

21.10.2018

«БӨРІЛІ МЕНІҢ БАЙРАҒЫМ...»

21.10.2018

Ұлттық палатада туризмді дамыту бағдарламасы таныстырылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу