Аймақтар • 18 Мамыр, 2018

Ақмола облысындағы «Тоғыз әулие» зиратының тарихтағы орны бөлек

905 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақмола өңірінде әлі де толық зерттелмеген немесе әртүрлі жағдайларға байланысты қаперге алына қоймаған қасиетті жерлер жетерлік. Солардың қатарында «Тоғыз әулие» зираты да бар. Осыған орай «Рухани жаңғыру» орталық жобаларды басқару кеңсесі аталған зират орналасқан жерге экспедиция жасау туралы шешім қабылдады. 

Ақмола облысындағы «Тоғыз әулие» зиратының тарихтағы орны бөлек

Негізінен мұндай ұсыныс өңір бойынша жобалық кеңсе тарапынан болған еді. Осыған орай облыстық мәдениет басқармасы, «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орта­лығы және орталық сараптама ке­ңесінің мүшелерінен жасақталған арнайы топ Қазақстандағы қасиетті мекен­дердің тізіміне «Тоғыз әу­лие» зиратын да қосу үшін бірін­ші зерттеу экспедициясына аттанатын болып шешілген. Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық ма­қа­­ласында арнайы жобалардың бірі ретінде «Қазақстанның киелі жер­лері» жобасы туралы ерекше атап кеткен болатын. Сондағы мақ­сат – мәдениетті, өзіндік ұлт­тық кодты сақтау. Бұл ретте патр­и­отизмнің ең маңызды белгісі – туған жеріне, мәдениетіне және салт-дәстүріне деген ерекше көңілді қалыптастыру. Еліміздегі ескер­ткіш­терді, ғимараттарды, құры­лыс­тарды қалпына келтіріп қана қой­май, қасиетті мекендерді ұлттың санасына біртұтас киелі ұғым ретінде сіңіре алу да үлкен жетістік болғалы тұр. Олай болса бұл топқа қосуға болатын Қазақстандағы қасиетті мекеннің бірі – Астанадан 150 ша­қырым жердегі «Тоғыз әулие» зираты. 

Аталған киелі орынға қазақ да­ласының белгілі ағартушылары мен қайраткерлері жерленген. Олар­дың бәрі – ұлттық сана-сезім­нің ояну ке­зінде өмір сүріп, еңбек етіп, діни тақырыпқа құрмет көрсеткен қазақ зиялыларының өкілдері. Сондай-ақ исламның рухани-зияткерлік мектебі – тасауф (сопылық жолын) ұстанған, соның көмегімен қазақтар ислам дінін қабылдаған. Осы ежелгі «Тоғыз әулие» зиратында отызға жуық қажы мен өз заманындағы белгілі ғалымдар және бірнеше рет қажылыққа барғандар да жерленген. Соның бірі – Ақмола округінің аға сұлтаны Ибраһим қажы Жайықбай. Олардың ішінде осы уақытқа дейін ха­лыққа белгісіз Жанбатыр хазірет, Құтан хазірет, Алдажар хазірет, Жантас хазірет, Әлтә хазірет, Мұса ха­зірет, Құранды жатқа білген Шер­нияз қари, Нұртаза хазірет, Садуақас хазірет, Сопы Көпей хазі­рет, Бақберген хазірет және басқалар жатыр.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы