Аймақтар • 18 Мамыр, 2018

Маңғыстауда сауда нысандарына жоспардан тыс тексеру жүргізілді

394 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тексеру қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы ТЖ департаментінде департамент бастығы Қ. Базарбаев пен бастықтың орынбасары М. Мұхановтың төрағалығымен  «Облыс аймағында орналасқан сауда нысандарының өртке қарсы жағдайы және тексеру нәтижесі» тақырыбымен брифинг өтті.

Маңғыстауда сауда нысандарына жоспардан тыс тексеру жүргізілді

Маңғыстау облысы аумағында  жыл сайын тексеруден өтетін өрт қауіпсіздігі саласында жоғары тәуекел дәрежесіндегі ойын-сауық кешендері, сауда үйі және 1500 және одан үлкен шаршы метрді құрайтын 52 сауда нысандары тіркелген.

Жоспардан тыс тексеру бойынша 52 нысанның барлығы тексеріліп, нәтижесінде 637 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу анықталды.

52 сауда объектісінің ішінен ішінара бутиктерде және контейнерлерде, қоймаларда, кондитерлік цехтерде автоматты өрт дабылдарының болмауы,  30 нысанның өрт автоматикасы жүйелері, «Бәйтерек», «Алатау», «Достық», «Астана» сауда орталықтары, «Адас», «Ақтөре», «Алтын орда», «Қазына» сауда үйлері, «Думан» ойын-сауық кешені сынды 9 нысанның автоматты өрт сөндіру жүйесі жоқ. Тексерілген нысандардың кейбіреулерінде  ережеге сай электр шамының қорғаныс қалпақшасымен      жабдықталмағандығы, Тоқ желілері ережеге сай жалғанбаған, өртенген ағаштан жасалған сөрелердің өртке қарсы өңдеуінің жоқтығы, өрт автоматикасы жүйесінің техникалық ақаулығы, эвакуацияның әртүрлі пункттері, соның ішінде сауда-саттық алаңының үлесі, өрт-техникалық минималды бағдарлама бойынша оқытудың жоқтығы,  автоматты өрт дабылына техникалық қызмет көрсету жүргізілмейтіндігі, көлемді жоспарлау шешімдерін әзірленген және бекітілген жобалық-сметалық құжаттамасыз өзгертуге жол берілгендігі, негізгі стандарттарға сәйкес өрт сөндіру техникасының негізгі құралдарында ұйымдардың толықтығы мен жұмыс істемейтіндігі, өртке қарсы сумен қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы жүйелерінің бұзылуы,  өрт қауіпсіздік талаптарының бұзылуы сынды ақаулар анықталды.

Өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы бойынша  51 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың 40-ына 1 миллион 871 мың 090 теңге айыппұл салынды және 11 заңды тұлға ескерту алды.

Ұйымдардың басшылығымен келісе отырып, Азаматтық қорғау органдарының объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және БАҚ өкілдері 8 тексеруге тартылды.

Тексеру барысында Департамент ұйым өкілдерімен бірлесе отырып, халық көп шоғырланатын нысандарды 17 өрт-тактикалық жаттығуын өткізді, 2154 адамды қамтитын 52 үгіт-насихат және жаппай түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, брифинг соңында облыста суға түсу маусымына дайындық туралы сұрақтар қаралды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы