Спорт • 21 Мамыр, 2018

Астанада хоккейден әлем біріншілігі өтеді

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде тұңғыш рет хоккейден ерлер арасындағы әлем чемпионатының А тобын­дағы бәсекелері өтетін болды. Бұл туралы Қазақстан шайбалы хоккей федерация­сы хабарлады.

Астанада хоккейден әлем біріншілігі өтеді

Федерацияның ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, әлем чемпионатын Қазақстан қабылдайтындығы туралы Копенгагенде (Дания) шайбалы хоккейдің жылдық халықаралық конгресінде белгілі болған. «2019 жылы әлем біріншілігінде ерлер арасында А тобының дивизионын қабылдауға Қазақстан мен Словения ұсыныс тастады. Дауыс берудің нәтижесі бо­йынша Қазақстан жеңіске жетті! Қазақстанның хоккей тарихында тұңғыш рет әлем бірінші­лігін қабылдайды», делінген феде­ра­цияның ресми хабарламасында.

Хоккейден әлем чемпио­натының 2020 жылғы элиталық дивизионында ойнау үшін А тобы­ның құрамалары Астанадағы «Барыс Аренада» 2019 жылдың 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында сын­ға түседі. Онда Қазақстан, Бела­русь, Оңтүстік Корея, Вен­грия, Словения және Литва құра­малары қатысады.

Қазақстан құрамасы екі жыл қатарынан бірінші дивизионнан элиталық әлем біріншілігіне өте алмай келеді. Соңғы рет отандастарымыз элиталық дивизионда 2015 жыл ойнаған-ды.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»